«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Күләш Шәмшидинова жазғы демалыс уақытында балалардың қауіпсіздіктерін қажетті деңгейде қамтамасыз етуді тапсырды

15.05.2019

     2019 жылғы 3 мамыр күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың төрағалығымен бейнеконференц байланыс режимінде Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) ХХІV отырысы өтті, деп хабарлайды edunews.kzақпараттық агенттігі.

     Отырыста білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін арттыру, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, балалар үйлерін қысқарту, психологиялық медициналық-педагогикалық комиссиялардың қызметі төңірегіндегі мәселелер қаралды. Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, ВАК мүшелері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты. Сөз кезегінде, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Денсаулық сақтау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері өзара бірлесе отырып, «Отбасыны жетектеу институтын» құру қажетдеген ұсынысын білдірді.

     Отырысты қорытындылаған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова жазғы демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігін қажетті деңгейде қамтамасыз етуді, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігін, жазғы демалыспен балалардың қамтылуын ұлғайту, елдегі балалар үйлерін қысқарту, психологиялық, медициналық-педагогикалық комиссиялардың қызметін күшейту бойынша қосымша шараларды қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

     Ақпарат үшін. Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады. Аталған комиссия кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында 2007 жылы құрылған.

Оразбаева Б.М.

Просмотров: 392


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст