Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Қазіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, білімге , бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніңіз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз.
Сонау xx ғасырдың басында Ж. Аймауытов: « Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңаны табатын өнер» деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын пән ерекшеліктеріне сай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден – бір жолы. Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – баланың қызығушылығын оятып, қабілетін арттыратын , өз бетімен ізденісін жаттықтыратын жағдай туғызу. Оның бастысы сабақ үрдісін жаңаша ұйымдастыру , оқушылардың оқудағы іс- әрекеттері арқылы білім , білік,дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе әрекет ету. Мақсатқа жету оқушылардың өздері арқылы жүзеге асады. Мұғалім –ұйымдастырушы, бағыт беруші. Тіл мен әдебиет – ұлт байлығы ,қымбат қазына. Тіл мен әдебиет –ұрпақ арасын жалғар алтын көпір, ақыл – ойдың түйінін танытар асыл қазына. Өз тілімізді сақтап , құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет ететін, ата- баба алдындағы ұлы парызымыз дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған , ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару , әрі қалқан болған, байырғы , әрі жас, отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар!?
Ел егемендігі басты сипаттарының бірі – мемлекеттік тіл болғандықтан , білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытып үйрету сапасы Қазақстан Республикасының болашағын айқындауға маңызды ықпал ететіндігі даусыз. Тіліміздің мәнінің артуына , қазіргі жаңаша құрылған білім мекемелерінде оны жоғары деңгейі оқытып үйрету әдістемесінің дамуына білікті де терең теориялық, жан- жақты біліммен қаруланған, озық та озат тәжірибелерді бойына жинақтаған маман ғана үлес қоса алады. Қазақ тілін меңгерту үшін, ең алдымен білімді , білікті ұстаз болуы тиіс. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды , Отанымызды танып білеміз. Тілді оқытуда оқытушы қауымының ұстанған бағыты ауызекі сөйлеу әрекеттері, ал грамматика оның жетегінде кетуі тиіс . Тілді меңгеруде негізгі назар ауызекі сөйлеу тілі материалдарына аударылуы қажет, өйткені біздің ұстанып отырған мақсатымыз да басқа ұлт өкілдерін қазақ тілінде сөйлей білуге үйрету. Қазақ тілі – оқушыға ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай, білім бере алатындай аса білікті пәндердің бірі, мемлекеттік тіл.Тілі жоғалған халықты ұлт, халық деп атаудаартықтау. Біздің халықтың тіліне көзқарасы , оған беретін бағасы ғажап. Оны өмірге перзент әкелуші , адам әкелуші, өмірдің нұрымен шуағы – Анаға теңейді. Бұл дүниеде Анадан құдіретті , Атадан қасиетті не бар? Ана қандай қымбат болса қазақ үшін қазақ тілі сондай қымбат. Қазақ тілінің мәртебесі үшін күрес – бұл елдік үшін , тәуелсіздіктің баянды болуы үшін күрес . Тіліміз арқылы ғана жүзіміз жарқын, еңсеміз биік болуы тиіс. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында « Білім жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру;халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Аканова А.Р.