Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 25.05.2019ж. «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өткізілді.
Түлектер үшін соғылып келетін соңғы қоңырау үні - сабақтың аяқталуы ғана емес, сонымен қатар, жаңа өмірдің басталу символы секілді. Бұл күн түлектер үшін ең салтанатты да көңілді, толқынысқа толы күн, өйткені олар еш уайымсыз өмірлерімен қоштасады.
Мектеп алаңы түрлі - түсті шарлармен, жалаушалармен безендірілді. Жиынға ата-аналар, қонақтар, ұстаздар, мектеп түлектері және 1-11 сынып оқушылары қатысты. Қонаққа аудандық білім бөлімінің өкілдері шақырылды. Биылғы жылы Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінен 3 түлек ұшқалы тұр. 11 жыл бойы олимпиада, аудандық, облыстық, мектепішілік іс-шараларға қатысқан оқушыларымыз, кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұлдарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасты.
Мектеп директоры Мейрамова Гүлсім Жұмағалиқызы еңбек жолын білім саласына сіңірген ұстаздарымызға, жыл бойы мектебіміздің ғана емес ауданымыздың, облысымыздың, республикамыздың атынан әр-түрлі байқауларға қатысқандары үшін шексіз алғысын білдірді. 11-ші сынып оқушыларын сәулелі жұлдыздар ретінде болашақтарын жақсылыққа болжап, құттықтау тілектерін жолдады. Жыл сайынғы дәстүр бойынша оқу жылында қатарынан оза шапқан, дарынымен дараланған оқу озаттарын үздіктер шеруіне шақырды. Түлектер өздерінің ұстаздарына, сынып жетекшілері мен ата-аналарына, олардың берген жүрек жылуы мен түсіністігіне, мектеп қабырғасынан алған мықты білімдеріне, ертеңгі күнге деген сенімділіктеріне алғыстарын білдіріп, мектеп қабырғасындағы жылдар «керемет» болғанын айтты...
Барша жас түлектерді алда күтіп тұрған үлкен сын бар. Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден абыроймен өтіп, ата-ананың үкілеген үміттерін ақтап, Тәуелсіз Қазақстанның білікті маманы атану. Еліміздің болашағы - бүгінгі жас ұрпақ қолында. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімізді
арнаймыз.
Құрметті түлектер, алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңізбен, жоғарғы көрсеткіштеріңізбен алтын ұя мектептеріңізді, аяулы ата- аналарыңызды, білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстаздарыңызды қуанта беріңіздер!
Мектебіміздің биылғы «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын жылдағы шаралардан ерекшелігімен есте қалмақ. Оқушылар мен мұғалімдер бұл салтанатты жиынды қызықты, жинақы, ұйымдасқан түрде өткендігін атап көрсетті. Мектептің озаттарының шеруі, түлектер ұстаздарына көрсетілген құрмет және биылғы мектеп түлектерінің тілектерімен қоштасуы, «Жас Ұлан» мектеп бітірушілердің соңғы вальсі қатысушылардың зор ықыласына бөленді. Ақ жол тілеген ата-аналар, ұстаздар қонақтар үлкен әсермен тарқасты.
Капашева М.Д.