«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында

26.04.2022

    Бастауыш мектеп  оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең.Шәкірттерінің оқығанын көңілдеріне ықыласпен тоқуы, сезімдеріне білімдінің ой-өрісінің жоғары, көзқарасының жан-жақты  болатынын ұялатуы үшін   әр  сабақты шығармашылықпен жоспарлап өткізетін  бастауыш сынып мұғалімдерінің  сәуір айында өткізген  ашық сабақтары да аяқталды. Оқушылар да жыл бойы пәндерден алған білім, білік, дағдыларын мұғалімдердің сабақтарда қолданған жаңа технологияларының негізінде  жеке, топпен,жұппен жұмыс істеу барысында көрсете алды. Мұғалімдер де  өткізген әр сабақтарына  өзіндік талдау жүргізгенде , өз істеріне деген сүйіспеншілікті балаларға деген сүйіспеншілікпен қаншалықты ұштастыра алғандықтарын байқатты.

    Сабақ мақсаттарына жетуде оқушының шығармашылық ойына бағыт беру,  ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асты. Сабақтар мазмұнды, оқушыларға қызықты да әсерлі өтті.1-ші сыныпта ана тілі пәнінен «Қазым, қазым, қаңқылда, мұғалімі Жуманова С.Е., мектепалды даярлық сыныбында  сауаташу пәнінен  « Жж  дыбысы мен әрпі»,  мұғалімі  Сыздыкова У.Х., шағын орталықта «Қоршаған орта» , тірбиешісі Сулейменова Р.А., 2-4 сынып ер балалар арасында  спорттық ойын: «Футбол», мұғалімі  Аширханов Д.Р., 3 Ә сыныбы жаратылыстану пәнінен  «Судың адам өміріне қажеттілігі», мұғалімі Рахимова А.Б., 2 сыныпта қазақ  тілі  пәнінен  «Етістік», мұғалімі  Балатаева Е.Э.,  4 сыныпта  музыка пәнінен ашық сабақ «Домбыра-ата мұра», мұғалімі  Асхар Бауржан, 4 сыныпта дүние тану пәнінен «Т.Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері», мұғалімі Аширханова Б.К. және 3 А сыныбында интеллектуалды  сайыс «Тапқыр болсаң, озып көр», мұғалімі Макишева К.Д.

Просмотров: 286


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст