Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
9 сынып оқушыларымен 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ынтымақ – достық кепілі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Оқушылар «Ынтымақ, бірлік, татулық, достық» туралы өз ойларынортаға сала отырып, өлең жолдарын, мақал-мәтелдер, «Ынтымақ –достық кепілі» тақырыбына постер құрастырды.
10 сыныпта "Бір шаңырақ астында" атты сынып сағаты өткізілді.Максаты - оқушыларға Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Бүгін, 27-сәуір күні мектептің мейірбикесі Нурымова Г.А. оқушылар арасында "Салауатты өмір салтын ұстану ережелері" тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты - оқушылар бойында салауатты өмір салты әдеттерін қалыптастыру.
27.04.2022 күні мектепалды даярлық сыныбында "Ынтымақ-достық кепілі" тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: Бүгінгі күні Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу. Ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқанын түсіндіру.
27.04.2022күні 2 сыныпта «Ұлттар достығы 1-мамыр —Халықтар бірлігі күні» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы—еліміздің бірлігін кепілдігі екендігін таныту. Әр халылықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлитың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Бүгін, 8 «А» сыныбында «Бейбітшілік – ел тілегі» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін оқушылардың бойына сіңіру.
26-сәуір күні 7-сыныпта "Қасіретке айналған алапат жарылыс" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты - оқушыларға Чернобыль апатының кешегісі мен бүгінін сонымен қатар ертеңі яғни болашағы туралы жан-жақты ақпарат беру, апатты жоюға аттанған батырларымыздың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау.
27.04.2022 күні 4 сынып оқушыларымен "Ұлттар достығы " атты тақырыппен сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы- еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Өз ұлтының тілін,дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқушылар белсене қатысып, берілген тапсырманы бұлжытпай орындап шықты.
27.04.22ж 3"А" сыныбында 1 мамыр- "Қазақстан халықтарының бірлігі күні" атты сынып сағаты өткізілді. Мақсаты - көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы еліміздің бірлігінің кепілдігі екенін таныту.
27.04.2022ж күні мектеп жанындағы шағын орталығында «Достығымыз жарасқан» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа ,достыққа,елін, жерін сүйе білуге үйрету.Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату,достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.