«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Вебинар 13.05.2022

16.05.2022

     2022 жылдың 13 мамыр күні  сағат 12: 00-де  Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» ММ-сі, «Білім  мазмұның дамыту  институты» ЖШС-сі «Физика пәнін оқытуға  инновациялық көзқарас» тақырыбында   вебинар ( онлайн) өткізді. Қатысқан - физика пәнінің мұғалімі Оразбаева Багила Мукашевна.

Вебинардың  спикері физика-математика ғылымының кандидаты «Физика» кафедра қауымдастығының профессоры Рыстыгулова Венера  Ботабаевна.

Қамтылған  тақырыптар:

1. Физика пәнін оқыту және есеп шығару  кезінде түрлі компьютерлік программаларды қолдану;

2. Физика пәнінен зертханалық жұмыстарға  әдістемелік нұсқау дайындау;

3. Физика есептерін Pascal тілінде программалау;

4. Физикалық процестерді компьютерлік моделдеу;

5. Олимпиада есептерін  шығарудың алгоритмі және оны  бағалау критерийлері;

6. Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын дайындауға Жоба әдісін қолдану;

7. Физик –тренерлер дайындау;

8. Республикалық Физиктер қауымдастығын құру.

Қамтылған тақырыптар талқыланып, қойылған сұрақтарға жауаптар алынды.

Просмотров: 344


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст