«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абай – дана, Абай – дара қазақта

13.09.2019

     Мектебімізде 9-қыркүйек күні  жыл сайынғы дәстүрлі  Тіл мерекесі басталды. Кеше, 10-қыркүйек күні, 7-11- сыныптар арасында  «Абай – дана, Абай дара қазақта» атты тақырыпта шығарма сайысы өтті.Сайыстың алдында оқушыларға  Абай өмірі, өскен ортасы жайлы слайд көрсетілді. Берілген тақырыпқа оқушылар зор ынтамен, зор шабытпен  шығарманы жазып шықты. Сайыс ережесі бойынша ең үздік деп танылған бір жұмыс аудандық сайысқа жолдама алады. Сайыскерлердің жұмысын саралай келе төмендегідей нәтижеге қол жеткіздік :

Бірінші орынға ие  болған 7-сынып оқушысы  -  Бекболат  Мөлдір 

Екінші орын иегері  11-сынып оқушысы     -        Нұрбек Назгүл

Үшінші орын иегері  9-сынып оқушысы -             Касымбекова Дильназ ,

6-сынып оқушысы  оқушысы -                               Қайнеденова Назира        

    Ең үздік деп танылған  шығарма  7-сынып оқушысы Бекболат |Мөлдірдің жұмысы аудандық сайысқа ұсынылды.     

                                                          Садвакасова  Г.С. ,

Просмотров: 358


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст