«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дарабоз дарын иесі»

13.09.2019

     Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне арналған онкүндікте Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде арнайы жоспар құрастырылды. Осыған орай білім ошағымызда мереке төңірегінде түрлі іс-шаралар өткізілді.

9-сыныптың  жетекшісі Муханжанова М.К. тілдер мерекесі аясында «Ахмет Байтұрсынов қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Ірі ғалым-лингвист, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қазақ халқы үшін еңбегі зор. Ахмет Байтұрсынов қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі теминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін «фонетика», қалыптастырып шығарған  еңбектері тіл біліміне қосқан үлесі екенін көруімізге болатыны жөнінде сынып жетекші кеңінен  тоқталып өтті.

Сонымен қоса, Бөлтірік Ақнұр  «Дәуірдің жарық жұлдызы» жайлы қосымша қызықты мәліметтер жинап, баяндама жазып келді.

А.Байтұрсынұлы бар уақытта, бар кезде де оқу керек деп кетті. Жазушының еңбектері қазақ үшін жасалған мәңгілік еңбектері бойынша «40 асық» сұрақ-жауап ойынымен  сабақ өз мәресіне жетті. Оқушылар аталған сынып сабағынан өздеріне қажетті көптеген мәліметтерді алды деген сенімдемін.

Муханжанова М.К.

Просмотров: 316


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст