«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясаттың қағидаттары мен міндеттері

16.09.2019

Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясат:
      1) барлық азаматтар үшiн дене шынықтырумен және спортпен айналысу теңдiгi және оның жалпыға бірдей қолжетімділігі;
      2) халықтың әртүрлi жас топтарына дене тәрбиесiн берудің үздіксіздігі мен сабақтастығы;
      3) дене шынықтырумен және спортпен айналысудың ерiктiлiгi;
      4) дене шынықтыру-спорттық іс-шаралардың сауықтыру бағыты;
      5) дене шынықтырумен айналысуға, әуесқой және кәсіпқой спортқа тең құрмет көрсету;
      6) кемсітушілікке тыйым салу және қатігездікке, зорлық-зомбылыққа және адамның қадір-қасиетін қорлауға жол бермеу;
      7) халықаралық спорттық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетiстiктер спортының басымдығы;
      8) Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарын орындау қағидаттары негізінде жүргiзiледi.
      2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың міндеттері:
      1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
      3) дене шынықтыруды және спортты, демеушiлiк, қайырымдылық қызмет пен меценаттықты қолдау және ынталандыру;
      4) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының және басқа объектілердің меншік нысандарының өзгеруі жағдайларында азаматтардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуы үшін оларды сақтап қалу;
      5) дене шынықтыру және спорт саласындағы проблемаларды зерттеу үшін ғылыми базаны дамыту;
      6) спорттың бірегейлігін, оның әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ оның субъектілерінің ерікті қызметіне негізделген құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу;
      7) спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау болып табылады.

        

 

                          Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және
                                          спорт саласындағы заңнамасы

      1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

Бекмурат Нурсултан

Просмотров: 1457


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст