Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Еңбек тәрбиесі барлық тәрбиенің қайнар көзі.
Жас жеткіншектерді еңбекке баулымай оларды тәрбиелеуде жақсы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес екенін XIX ғ. әйгілі педагогтар И.Песталоцци, Р.Оуэн, К.Д.Ушинскийлер дәлелдеген.
Ал қазіргі таңдағы бастауыш және негізгі мектептің мазмұнын жаңарту ясында «Бейнелеу өнері» мен «Еңбекке баулу» және негізгі мектептегі «Технология» пәндерінің кіріктірілген «Көркем еңбек» пәні оқушыларды тек еңбекке ғана баулымай, балалардың шығармашылық қабілеттерін, кеңістік-образдық ойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық, эмоционалдық түрде қабылдауларын қалыптастыруға бағытталған. Жаңартылған пән мазмұны білім алушының түрлі өнер салалары бойынша көркем білімдер мен дағдыларды қалыптастыру, көркемдік қабілеттерін, кеңістікті көру арқылы қабылдауларын, елесті, есте сақтау, зейін мен қиялды дамытуға негіз болып табылады.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау оның аса қажет құрамдас бір бөлігі болып есептеледі. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттыруда қосатын үлесі зор.
«Қөркем еңбек» пәнін оқыту үдерісіне қолданылатын қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы арасында кері байланысты орнату.
Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау дағдылары.
Мұғалім оқу үдерісіне және қалыптастырушы бағалауға оқу бағдарламасына сәйкес барлық оқу мақсаттарын енгізуі қажет.
• оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;
• оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;
• тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;
• бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;
• әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.
Мәліметтерді жинау және талдау жасау үшін мұғалімге бақылау парағын, журналды, күнделікті, басқа да қалыптастырушы бағалау нәтижелерін тіркеудің формаларын жүргізу ұсынылады. Бұл мұғалім әрекетінің тиімділігін, оқудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Колбай Б.