Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің «Рухани жаңғыру» жобасы аясында өткізілген «Жақсы кітап – жан азығы» сайысы туралы ақпарат
Биылғы 2019 жылы наурыз айында ауданданымызда «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Жақсы кітап – жан азығы» тақырыбында кітапханалар арасында сайыс өткізілді.
«Жақсы кітап – жан азығы» сайысының ережесі:
Конкурстың мақсаты: мектеп кітапханаларында кітап шы,аруды ынталандыру және осы саладағы жетістіктерді көрсету. Біз мектеп оқушыларымен 1 кезең аудандық сайысқа «Ауылым-алтын бесігім» тақырыбында кітап шығарып, аудандық кезеңнен 1 орын алып, облысқа жолдама алдық. Облыстық кезең сырттай болып, марапаттау рәсіміне шақырылдық. Облыс көлемінде 1 орынға ие болды. Султанбекова Аяулым 5 сынып, Ибраева Аида 5 сынып, Бекболат Мөлдір 6 сынып, Кайнеденова Назира 6 сынып, Кажимуратова Асем 7 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтар табысталды. Оқушылар Жаңақима ауылының тарихын, халқы және тарихи тұлғалары жайлы ақпараттар жинап, сонымен қатар ауыл тұрғындары мен Жаңақима ауылына арналған әндерді жинақтап, өз шығармашылықтарын, өздерінің шығарған өлең шумақтарын кітапқа жазып шығарды. Осы кітапқа кітапханашы ретінде өзім және қазақ тілі пәні мұғалімі Садвакасова Гүлбану Сламянқызы бағыт-бағдар бере отырып шығарылды.
Есенгулова Т.С.