Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев ағымдағы жылдың 21 қарашасында тарихи сананы одан әрі жетілдірудің заманауи үлгісін ұсынып, «Ұлы даланың жеті қыры» атты еліміздің болашаққа бой сермейтін, бағдарын айқындайтын, халықтың сенімділігін арттырып тарихи санасын жаңғыртуға жаңаша жол ашатын тың бастамалар негізіндегі мақаласын жариялады. Бұл мақала «Қазақстан – 2050», «Мәдени мұра», «Мәңгілік Ел», «Халық тарих толқынында» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегияларымен үндесетін тарихи-мәдени серпілістің айқын көрінісі, отандық патриотизмді, ұлттық сананы жандандыратын, халқымызға рух беретін құжат деуімізге болады.
Сан ғасырларды кері шегіндірген, тарихы тереңде жатқан қазақ халқының мәдени мұрасы, таным-тіршілігі, дәстүр мұрағаты ұрпаққа қазына. Жолсызбен жол кешіп, тар бағыт пен тайғақ ғұмырдың куәсі болған еліміздің ертеңі қараңғы шақта, тарих тоғысында түрлі мағызды шешімдер мен ел болашағының бағыты үшін қаншама қан кешулердің болғанын білеміз. Ақ найзаның ұшымен қорғалған ақ ордамыздың тамыры тереңге бойлап, тәуелсіздігі нық бекіді, бүгінде. Ендігі жастарға қойылар талап, қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заманда өмір сүріп жатып ел тарихын білу, өткенімен таныс болу, дәстүрін дәріптеу, мұрағатын жандандыру. Бұл жастарға артылған талап деп түсінеміз. Міржақып атамыздай «Қалғанша жарты қаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш» деп жүрген әр азамат ұлттың «ұлысы» атануға міндетті.
Бұқара халықтың дәстүрінен сыр шертетін қазақы ойындардың түр-түсін ажырата алу, үлкен жауаптылықты талап етеді және екінің бірі бұған келгенде кем ауыз, қысқа тіл болып қалатыны бар.
Асық ойындары. Асық ойындарына қой, арқардың асықтары жарайды. Бізге беймәлім асық ойындарын талдасақ.
Оңқаны асығы көп бозбалалар ойнайды. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызып, дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өз асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір асықты мұртынан оңқа тұрғызады. Егер кімде-кім оңқаға тигізсе бүкіл асық жеңімпаздың қалтасында кетеді.
Хан. Әрбір ойыншы бестен оннан асық тігеді. Асық арасындағы ең ерекшесі «хан» деп аталады. Ойынның шарты бойынша, «ханмен» асықты атқан кезде басқа асықтарды қозғамау керек. Сөйтіп, ойынның шартын бұзғанша не болмаса «ханмен» ататын асық қалмай қалғанша атып, асығын ала береді.
Ериков К. З.