«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаз – ұлы, ұстаз – ұлық қашанда!

10.10.2019

   Мұғалім бәрінен де қымбат, себебі, мұғалім мектептің жүрегі.
   Бар мамандықтың ең құдыреттісі – ұстаздық. Өйткені, ұстаз барлық мамандық иесін тәрбиелеген, оқытқан, тоқытқан азбал жан. Оның алдында ғалым да, шахтер де бас иген. Сондықтан да шығар ұстаз есімі қай кезде де, қай сәтте де ұлы әрі ардақты. «Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім. Ұстаз  да диқан сияқты. Ол әр шәкірттің жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Дәл осындай шәкіртінің жүрегіне дән сеуіп, олардың болашағы үшін көп еңбек сіңірген, талмай еңбек ете жүре, мектебіміздің абыройын асқақтатып, бар өмірін мектепке, шәкірт тәрбиелеуге арнаған мектебіміздің ардагер әрі еңбектері сіңген құрметті демалыста жүрген, яғни зейнеткер ұстаздарымызды мектеп ұжымы төл мереке қарсаңында құрметтеп қарсы алды. Атап айтар болсақ, Усембаева М.А. Омаров Ж.Қ. Суменова Н.К. Осы ұлағатты ұстаздардың еткен еңбектерін, атқарған істерін ештеңемен салыстыра алмайсың. Оны тек бағалайсың. Өйткені, көп жыл тер төгіп, апа-ағаларымызды тәрбиеледі. Осындай ұстаздарымыздың барына шүкіршілік етіп, бас иеміз.

Аширханова Б.К.

Просмотров: 436


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст