«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика сабақтарында оқыту үшін бағалау, оқытуды бағалау, критериалды бағалауды қолдану

15.10.2019

      Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологияларды сабақта жан-жақты қолдану жаңаша оқытудың тиімді жолдарының бірі болып саналады Осындай жаңа жолдарының біріне заман талабына сай 21 ғасырдағы ақпараттық оқыту жүйесіндегі жобалау технолгиясы арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Білім берудің озық технологияларын меңгермейінше сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес. Соның бәрі компьютер, интернет, мультимедиялық құралдар және интерактивтік тақта көмегімен болмақ.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және өз бетінше білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында ақпараттық оқыту жүйесіндегі жобалау технолгиясын қолдана бастадық. Жобалау технологияның маңыздылығы – оқушылардың әр саладан алған білімдері үлкен мәселені шешуге мүмкіндік береді. Жоба түсінігі бойынша алынып отырған идея теориялық және практикалық тұрғыда шешіледі. Осы технология белгіленген нәтижеге жетіп, қорытынды шығаруға бағытталған. Қорытындыға жету барысында оқушылар ойланып, мәселені шешу барысында алған білімдеріне сүйене отырып ізденеді. Кез келген уақыт мерзімінде оқушылардың жекеше, жұптық, топтық жұмыс істеу іскерліктерін әрқашан жобалау тәсілі бойынша іске асырылады.

Мақсаты: Математика сабағында оқушыны бағалаудың бірнеше түрлерін ұтымды пайдалануды дамыту жолдарын айқындау.

Міндеттері:

  1. Оқыту үдерісінде оқушыны бағалаудың маңыздылығы;
  2.  Математика сабағында бағалаудың түрлері;
  3.  Практикалық жұмыс: «Критериалды бағалау»

Зертеу жұмыстары:

Пәндік-мазмұндық белгілеріне қарай шағын жобалар және пәнаралық жобалар деп, үйлестіру сипатына қарай ашық және жабық деп, әрекет түріне қарай ізденушілік жоба, шығармашылық жоба, ақпараттық жоба, рөлдік ойындар түріндегі  жобалар, тәжірибеге арналған жобалар деп бөлінеді. Атап айтқанда, бір жобаның аясында оқушылар ізденушілік те, шығармашылық та, ақпараттық та жұмыстар жүргізеді.

Жоба әдісін қолдануда оқушылар өз бетімен қажетті хабарды  жинауға дағдыланып, өздік шығармашылық қабілеттерін артырады. Жоба әдісінің басты мақсаты – тәжірибе жүзінде орындауға бағытталған белгілі бір міндеттерді немесе әр сала бойынша білімдерін толықтыруды талап ететін маңызды тапсырмаларды орындау барысында студенттің өздігінен білім алуына жағдай жасау.

Жоба тапсырмаларын орындау үстінде көбінесе оқушылар жұптасып, немесе үш-үштен бірігіп, немесе шағын топпен жұмыс істейді. Табысқа жету ұжымдағы әрбір мүшенің тілдік қатынасқа құрылған жоба тапсырмаларын дұрыс орындауына және ұжымның жаппай ұйымшылдықпен жұмыс істеуіне байланысты.

Жобада оқытушы сарапшы, үйлестіруші немесе қосымша мәліметтерді беруші рөлін атқарады. Өз күшімен жоба-тапсырманы орындауда тіл үйренушілер өз жұмыстарын жоспарлау, оның нәтижесін болжау, бірігіп жұмыс істеу сияқты өз бетінше жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді.

Осылайша жоба жұмысымен әр оқушы қазақ тілінде сөйлейді. Әр оқушы өз ойын айтуға, дәлелдеуге тырысады. Ауызша сөйлеуді жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді.

Жоба жасауда мультимедиялық бағдарламаны қолдану әдісінің көп артықшылықтары бар. Ол әр түрлі сөйлеу түрлерін жаттықтыру және оларды әр түрлі түрде үйлестіруге, тілдік құбылыстарды білуге, лингвистикалық құбылыстарын қалыптастыруға, коммуникативті жағдайларды құруға, тілдік және сөйлеу әрекеттерін машықтандыруға, сонымен қатар қатысушылардың жеке өзіндік жұмыс жүргізулеріне мүмкіндік береді.

Таңдалған тақырып бойынша жоба (презентация) жасағанда оқушылар интернет желісін пайдалана отырып, тақырып туралы ең қызықты оқиғаларды, мәліметтерді іріктеп алады.  Жобадағы мәліметтерді игерудегі ең маңыздысы оқушылар көрнекілікті, анимацияны, дыбыстарды қолданады. Оларға: суреттер, хаттамалар, маңдайша жазулары, жарнамалар, кестелер, диаграммалар жатады.

Сөйлеу барысында оқушылар әр слайдқа толық мәліметтер береді. Өз ойын ашық айту жоба құрушы    логикалық, тілдік, грамматикалық жағынан дұрыс құруға ұмтылады.

Оқу – жобамен жұмыс істеген кезіндегі ең негізгі бөліктердің бірі. Жобаға керекті мәліметтерді алу үшін қатысушылар баспа мәліметтеріне сараптама жасауына тура келеді. Жұмыс кезінде оқушылар анықтамалармен, энциклопедиялық сөздікпен жұмыс істейді.

Тыңдау – оқыту құралы және нысан ретінде жобада қолданады. Тыңдаудың ең бірінші қызметі – жобаны қорғаушы сөйлеген кезде оның сөзін басқалар тыңдайды, жаңа мәліметтерді ерекшелеуге, ал екінші жағынан кейбір түсініксіз сөздерді тастап кетіп, мәтінді түсінуге дағдыланады.

Жобалау әдісі арқылы ұсынылатын тапсырмаларды орындау барысында оқушылар шығармашылықпен ойлауға, өз әрекетін өз бетінше жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған міндеттерді шешуге алдын ала болжам жасай білуге, басқаша айтқанда, жұмыс істеу мәдениетіне үйренеді.

Сейдахметова Р.К

Просмотров: 451


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст