«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әкем – мақтанышым, жүрегім, жан досым, анам – сүйенішім, қос шынарым

16.10.2019

       Ана. Осы үш-ақ әріптен тұратын сөзде қаншама құдірет жатыр. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды,- деп әнде де айтады емес пе?! Әлемдегі бар баланың аналары аман болсын, сәбилер анасыз қалып жыламасын. Ана туралы тебіренбеген адам, жыр жазбаған ақын жоқ шығар, сірә?  Ананы барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. «Егер әкең мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер» деген ұлағатты сөз бар. Анасын жақсы көрмейтін адам жоқ шығар. Менің анам  - мен үшін ең қымбат адам. Мен үшін анамның орны бөлек. Мен анашымды құрмет тұтамын, қадірлеймін мені аялап өсіргені үшін, ақ сүтін беріп еркелеткені үшін, осы күнге жеткізгені үшін алғысым шексіз.Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.Ғабит Мүсірепов: «Ана әр адамның өмірінде алтын әріппен жазылатын, әр адамның өмірінде үлкен орын алатын ерекше жан» -деп орынды айтқан.

    Әке – асқар тауым. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпашылығын, міндетін мойнына алатын адам.  Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш.  Әке баласы үшін бәріне дайын болады.  Менің әкем өте жақсы адам.  Жан әкем  менің мақтанышым, жүрегім, жан досым. Анам үнемі әкеңді құрметте деп айтып отырады. Отбасында әке қамқорлығы да, тәрбиесі  де бөлек. Әкем бізге дауыс көтерген емес, бірақ сонда да  әкеміздің қас-қабағына қарап өсіп келеміз. Менің ата-анам еңбекқор жандар. Жанұяда бізді кішкентайымыздан еңбекке үйретті. Мен анамның көмекшісімін, асүйде ыдыс жуамын, бөлмелерді жуып, жинаймын, гүлдерді суарамын, кішкентай інімді ойнатамын. Анашым маған түрлі тәттілерді пісіруді  үйретті  және іс тігуді, тоқма тоқуды үйретті. Әлі де менің анамнан үйренерім көп. Анам тазалықты сүйеді, қыз бала жинақы жүру керек, себепсіз көп күлме деп үнемі ақылын айтып отырады. Ал інім Аңсар  әкемнің көмекшісі. Далада әкеммен бірге ауланы тазартады, малды қарсы алады, қар күреп, су тасып  әкешіме көмектеседі. Кешкі аста бәріміз дастархан басына жиналып, мәре-сәре болып кешкі асымызды ішеміз. Әкем төрде онан кейін жасымызға қарай отырамыз. Анам бар дәмдіні алдымызға қойып бәйек болып жүреді. Әкешім дастархан басына келмей біз ас ішпейміз. Әкем әрқайсымызға көңіл бөліп, ерекше мейіріммен еркелетеді. Ас ішіп болған соң әкем әрқайсымыздың сабағымызды сұрап, жетістігіміз болса бір марқайып қалады.  Анам болса адал болуды, өтірік айтпауды, жаман әдеттен аулақ болуды үнемі айтып отырады. Үлкенді сыйла, қатты сөйлеме, ешкімді ренжітпе деп күніге бір қабат айтып қояды.  Әкешім, аяулы анашым, қандай мейірімді де қамқор жансыздар. Мен бақытты баламын себебі, мені ойлайтын, мен үшін уайымдайтын, бәйек болатын ең жақын адамдар жанымда.  Аллаға мың да бір шүкіршілік етемін. Өзім секілді балаларға айтарым, ата-аналарыңды силаңдар, қамқор болыңдар , аялаңдар дегім келеді. Ананың аялы алақанын аңсап жүрген қаншама сәбилер бар балалар үйінде. Анашым қашан келер екен деп терезеге телміріп күндері өтіп жатырған сәбилер қаншама...

Барды бағалайық, аялайық, құрметтейік. Анасыз сәби жыламасын, әр отбасы бақытты болсын, шаңырақтары шайқалмасын.

Касымбекова Дильназ

Просмотров: 1348


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст