«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша мектепішілік олимпиада өткізілді.

18.10.2019

         Әр баланың жеке қабілетін анықтап, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту,  оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы, бүгінгі күннің басты талабы. Осыған орай біздің мектепте де жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша оқушыларға арналған пән олимпиадасы өткізілді. Пән олимпиадасы – оқушы білімін саралайтын сынақ. Мектепішілік пән олимпиадасы оқушылардың білім деңгейлерін анықтаумен шектелмей, олардың оқуға деген мотивациясын ояту, танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында өткізілді. Одимпиадаға жалпы 22 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша математика пәнінен Қасымбеков Мұрат, Ерік Арғын, Рахымғали Ағыбай. физика пәнінен Омарғали Гүлжамал, Ұлан Ақбота, биология пәнінен Ибрашева Жасмина, химия пәнінен Абсаметова Алдияр, Шахманова Мейрамгүл аудандық кезенге өтті.

Мектептегі олимпиаданың негізгі мақсаты: 

-оқушының ой-өрісін кеңейту; 

-оқушының пәнге қызығушылығын дамыту; 

-мектепішілік, аудандық олимпиадаларда оқушының өзін көрсетуге дайындау, оқушымен жеке жұмыс жүргізуді ұйымдастыру.

Аканова А. 

Просмотров: 677


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст