«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің кітапханасында өткізілген «Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында кітап көрмесі

23.10.2019

         Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосқан. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс-әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт-сенімдері кеңінен танылады. «Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерінде азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерілді. Қазақ әдебиетінің «Үш бәйтерегі» өмірдегі өрнекті өнегелерімен халық жүрегіне жол тапты.

Биылғы жылы осы еліміздің «Үш бәйтерегінің» туғанына 125 жыл толып отыр. Соның ішінде 15 қазан 1894 жылы Ақмола уезі Нілді болысы, бірінші ауылда (қазіргі Қарағанды облысы Ақадыр ауданында) дүниеге келген Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына көңіл бөліп отырмыз.

Мектеп кітапханасы 1-11 сыныптарға  «Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып насихаттадық. Сынып оқушыларына өмірі мен шығармаларымен таныстырылды. Осы ақын-драматургымыздың қандай шығармалары бар екенін жарнамаладық. Солардың бірі «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы. Өлең жинағында халық өмірі мен тұрмысын кең көлемде жырлады. Кітап көрмесінің мақсаты: Оқушыларға ақын-жазушыларымыздың шығармалары мен өмірі жайлы айтып, олардың әдебиетке деген қызығушылықтарын оята білу.

Кітап көрмесінде қойылған кітаптар:

  1. Сен білесің бе?
  2. Тарихи тұлғалар
  3. Жазушылар
  4. Өлеңдер мен дастандар 1 том
  5. Поэмалар мен пьесалар 2 том
  6. Сәкен тарих төрінде
  7. Әдебиет, өнер, тіл
  8. Әдеби өмір шежіресі
  9. Қыран ұшқан ұя
  10. Тәуелсіздік рухымен
  11. Сәкен және Гүлбаһрам
  12.  Тар жол, тайғақ кешу романы

Осы кітаптары қойылып, тағы да қандай шығармаларын оқуға болатыны айтылды. «Қазақ поэзиясының антологиясы», «Бақыт жолында», «Жұбату», «Қызыл сұңқарлар», «Домбыра», «Экспресс», «Тұрмыс толқынында», «Көкшетау» поэмалары.

Қазіргі кезде жас ұрпақтың бойына адалдық пен кішіпейілдікті, жомарттықты, елі мен жеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыра білуіміз қажет. Сондықтан ақын-жазушыларымыздың шығармаларын оқып, өзіне қажетті білім нәрін алады деп ойлаймыз.

Есенгулова Т.С.

Просмотров: 665


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст