Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
18 жасқа толмаған адам бала деп танылады. Баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге, тәрбиеленуге, өзінің ата-анасын білуге, олардың қамқорлығын көруге және олармен бірге тұруға құқығы бар.
Ата- аналардың құқықтары мен міндеттері:
1) ата-аналар өз балаларының денсаулығына қомқорлық жасауға міндетті;
2) балаларының орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті;
3) ата- аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады, арнаулы рұқсатсыз оның құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;
4) ата- ана құқықтарын балалардың мүддесіне қайшы жүзеге тасыруға болмайды; олай болған жағдайда ата аналар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады;
5) баласынан бөлек тұратын ата ана баласымен қарым қатнас жасауға, оны тәрбиелеуге , білім беруге қатысуға құқығы бар;
6) баласынан бөлек тұратын ата ана өз баласы туралы тәрбиелеу, емдеу мекемелерінен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар;.
7) ата аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап бағуға міндетті;
Алимент - отбасының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз мүшелерін асырап бағуға арналған міндеттеме. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары:
1) ата аналар ажырасқан жағдайда кәмелетке толмаған баларын асырап бағу үшін алимент туралы келісім жасауға құқықтары бар. Келісім болмағанда сот ата-анадан ай сайын бәр балаға табысының төрттен бірін, екі балаға үштен бірін, үш немесе одан көп балаға тең жартысын төлеуді талап етеді.
2) ата аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап бағуға міндетті;
3) еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата аналарын асырауға міндетті;
4 )еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын екіншісі асырауға міндетті.
Ата-аналар өз балаларына қатысты міндеттерін орындамаған жағдайда ата-ана құқығынан айырылады. Ата-ана құқығын айыру сот тәртібімен жүргізіледі.
Ата-ана құқығын айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің кәмелетке толмаған балалардың құқтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талыбы бойынша қаралады. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органының қатысуымен қаралады. Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді. Ата анасының қайтыс болуы, ата ана құқығынан айрылуы, олардың құқықтарының шектелуі, ата анасының әрекетке қабілетсіз деп танылуы т. б. жағдайларда балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледі. Қамқоршы және қорғаншы органдар –жергілікті атқарушы органдар, өздерінің міндеттерін осы органдар туралы ҚР Үкіметі бекіткен ереже негізінде жүзеге асырады. Қамқоршылық 14-жасқа толмаған балаларға, және психикалық ауру салдарынан немесе ақыл есі кемдігінен сот әрекетке қабәлетсіз деп таныған адамдарға белгіленеді. Қорғаншылық 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға және спиртті ішімдіктерге немесе есірткіге салыну салдарынан сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарға белгіленеді.
Аширханова Б.К.