«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы

25.11.2019

Президент дегеніміз – өз елінің тәрбиелі тұтқасы. (Ж. Аймауытов)

 Осыдан жиырма жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол       жеткіздік. Бұл  ғасырлар  бойы біздің,  яғни қазақ халқының  аңсаған арманы еді Менің Отанымосы күнге жеткенше  үш жүз жылға  жуық бодандықтың  бұғауында,  жетпіс  жылданаса  кеңестік  кезеңнің  шырмауында  болды. 

Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқшығар. Бұл тәуелсіздік – біз үшін басқа қонған бақ, астыға тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы керек. Бұл – ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ер жүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесары атамызды айтсақ та жеткілікті болар.

Сол замандарда ел ақылды әрі айлалы ісімен, іскерлігімен сүйсіндіретін азаматтардың маңайына топтасқан. Басты біріктірер басшысыз елдің ел болуы қиын ғой.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылудаНұрсұлтан аға Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш Елбасы болды. Ол кісінің бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты.
Маған қазір Нұрсұлтан аға ежелгі қазақтың тарих бетіне енген ұлы ғұлама, аты аңызға айналған тұлғаларымыздың жалғасындай көрінеді.

Қазақ халқы егемендігін алып, тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел болаалатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткенЕлбасымыз бен үкімет басындағы елі үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Жалпы қазақ халқына осы тәуелсіз күндер оңай келген жоқ. Менің қазағым аштықты да, қызыл қырғынды да, Сталиндік репрессияны да бастан өткізді. Бірақ осы қиын - қыстау кезеңдердің бәрінде қазақ қазақтығын, елдігін көрсетіп, дәлелдеп отырды, қарсы келген дұшпанға айтарлықтай тойтарыс бере алды. Тіпті өзі қырылып қалса да дұшпанға берілмеді, ар - намысты таптатқызбады.


Сейдахметова Р.К.                             

Просмотров: 403


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст