Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында 30 не одан көп жұмыс өтілі бар педогагтарды ұлттық біліктілік тестілеуден босату мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ұсынысты жалпы отырыста депутат Кәрібай Мұсырман білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке жолдады. "Білім туралы заңның талаптарына сәйкес, мұғалімдер кәсіби шеберлігін, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіруге міндетті. Шеберлігін растау үшін мұғалім әр 5 жыл сайын аттестаттаудан өтуге тиіс. Педагогикалық жұртшылықпен кездесу кезінде 30 жыл және одан көп жұмыс өтілі бар мұғалімдерді ұлттық біліктілік тестілеуден босату туралы ұсыныстар жиі айтылып жатыр. Ал мұғалім үшін ең жақсы тест - сабақтарының және шәкірттерінің білімге құштарлық, оты ұшқындаған көзі болса керек. Осыған орай 30 жыл және одан көп жұмыс өтілі бар педагогтарды ұлттық біліктілік тестілеуден босату мүмкіндігін қарастыру жөн шығар. Сіз қалай ойлайсыз?", - деп сауал жолдады депутат Кәрібай Мұсырман. Алайда білім және ғылым министрі бұл ұсынысқа келісе қоймады. Оның ойынша, педагогтың еңбек өтілі оның біліктілігіне кепілдік бола алмайды. "Мысалы 30 жыл істеген мұғалімдердің ішінде біліктілігі бойынша сұрақтар туындайтындары бар. Соның ішінде жас мұғалімдердің арасында да әртүрлісі бар. Біздің ойымызша, бұл - бүгінгі заманның талабы. Қазіргі уақытта өте тез, өте жылдам өзгерістер қоғамда болып жатыр. Сондықтан қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болу үшін бүгінгі күні заңда бекітілген "бес жылда бір рет" деген ереже бар. Бес жылда бір рет мұғалімдер өз біліктілігін жетілдіріп, ол туралы тиісті сертификаттаудан өтіп отыруы тиіс. Біз 2017 жылы Елбасының берген Жолдаудың шеңберіндегі тапсырмасына сәйкес Ұлттық біліктілік тестін енгізген болатынбыз", - деді Асхат Аймағамбетов. Министрдің сөзінше, сөз болып отырған тестілеуден бүгінде 123 мың мұғалім өтіп, 30-дан 50 пайызға дейін үстемақы алып отыр екен. "Мұғалімдердің 80 пайызы осы тесттен өтті. Тестілеудің нәтижесін көре отырып, оның қиын тест емес екенін біліп отырмыз. Біздің ойымызша, осы тәртіпті қалдыру керек. Бірақ осы тестті жетілдіру бойынша кеше де бұл мәселе көтерілген болатын. Жетілдіру тетіктерін қарастырамыз. Қазір тиісті жұмыс тобын құрып, ұстаздармен кабинетте отырып шешім қабылдамай, жалпы ұстаздармен ақылдаса отырып жетілдіру мәселесін қарастыруға дайынбыз. Осы жұмысты жүргіземіз", - деді білім және ғылым министрі. Айта кетейік, біліктілік тестілеу - білім саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тестілер бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін айқындауға бағытталған рәсім.
ссылка: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/aymagambetov-30-jyil-enbek-otl-bar-mugalmderd-385187/
Колбай Б.