Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Мектеп жасына дейінгі шақтағы балалар үшін ойын негізгі іс-әрекет екендігі әрбір педагог үшін аян. Ойын барысында бала көптеген мағлұматтар алып, жан-жақты жетілетінін және сағаттап өтетін сабақтар барысында игере алмаған білімді ойын барысында жеңіл игертуге болатынын айтып дәлелдеудің ешбір қажеті болмас. Балалардың бойында қарым-қатынас жасау дағдыларының болмауы – қиын психологиялық жағдайларға әкеп соқтырады. Бала ерте жастан бастап-ақ өзінің ішкі дүниесін аша білуге, өзгені тыңдауға, сұрақтар қоя білуге жаттығуы керек. Себебі, бала өзін қоршаған әрбір адам қайталанбайтын ерекше тұлға екенін және ол адамдар оның тарапынан сыйластық пен сүйіспеншілікті күтетінін түсінуі керек. Ал, бұл түсінік оның бойында тек қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынас жасаған кезде ғана көрініс береді. Баланың санасында осындай түсініктің пайда болуында адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып, дамытуға әсер ететін ойындардың маңызы өте зор болып отыр. Төмендегі берілген ойындар ішінен баланың рухани сезімдерін барынша дамытуға арналған түрлі ойындарды көруге болады, атап айтқанда:
- қарым-қатынас пен байқағыштыққа үйрететін ойындар;
- баланың адамгершілік қасиеттерін және шығармашылық қабілеттерін дамытатын ойындар;
- өзара көмек пен ынтымақтастыққа тәрбиелейтін ойындар;
- елестетулерін, ептіліктерін, жылдам әрекет етулерін дамытатын ойындар.
Әрбір педагог бұл ойындарды баланың адамгершілік-рухани қасиеттерін дамыту жолында қажетінше қолдана алады. Дегенмен де, педагог бұл ойындар негізінен баланың ішкі дүниесінің жағымды қасиеттерін дамыту үшін қолданылуы қажет екендігін ұмытпағаны жөн.
Педагог балалардың ойындарын мұқият қадағалағаны дұрыс. Себебі, ойын барысында баланың тек өзіне ғана тән қасиеттері және оның өзге құрбыларымен қарым-қатынасы анық көріне бастайды. Ойын – бұл педагогтың көмегімен ұйымдастырылған балалардың өзара әрекеті. Ойын арқылы баланың мінез-құлқына біртіндеп әсер етіп, оны түзетіп, белгілі бір заңдылықтарды ұғындыруға болады. Ойын балаға өзін еркін сезінуге мүмкіндік береді. Ал бала үшін бұл өте маңызды. Бірақ, педагог әр уақытта ойынды жандандыруды, мазмұнды етуді ұмытпағаны жөн. Мысалы: педагог ойын алдында балаларға тек жылдам және күшті адам ғана жеңімпаз болмайды, сонымен қатар ақылмен де жеңіске жетуге болатынын, алдап, айламен жеңгенше, адал жеңілген жақсы екенін әңгімелеу арқылы олардың адамгершілік қасиеттеріне әсер ете алады. Балалар ойнаған кезде педагог өзінің өзге жұмыстарын бітірумен айналыспауы керек. Себебі, ойын баланы бақылау алаңы сияқты. Ойынды бақылау арқылы педагог баланы неғұрлым жақын тани түседі. Балаларға ересек адамдардың олардың ойынына қатысқаны өте ұнайды. Себебі, балалар осындай жағдайда өздерін ересектермен тең сезінеді де олардың қылықтары, әрекеттері неғұрлым мазмұнды, пайымды бола бастайды. Ойын барысында педагогтың өзі адамгершілік қасиеттерді жақсы көрсете білуі керек. Яғни, ол бала үшін ұстамдылықтың, адалдықтың, жанашырлықтың, қайырымдылықтың үлгісі болып табылатынын есте ұстағаны жөн.
Бала ойын арқылы күнделікті қылықтары жайлы ойланып, оларға қарапайым талдау жасап, болашақта ержеткен кезде өмірдің маңызды да терең мазмұнды сұрақтарын шеше білуге үйренеді. Төмендегі ойындар мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың тәрбиесімен айналысатын әрбір педагог үшін баланың алғашқы адамгершілік-рухани қасиеттерін тәрбиелеуде үлкен әдістемелік көмек көрсетері анық. Енді осы ойындардың кейбіреуіне тоқтала кетейін:
«Әдемі заттар»
Балалардан үйлерінен кез келген бір әдемі зат алып келулерін өтініңіз. (Ол –қобдиша, кітап, ойыншық, орамал, т.с.с. болуы мүмкін.) Енді олар өз заттарын бір-біріне беріп, уақытша алмасады. Әр бала өзінің қолына тиген затпен сөйлесуі керек. Біршама уақыт өткеннен кейін балалар жиналады да әр бала өзінің қолында болған зат оған қандай әңгіме айтқанын айтады. Соңында әр заттың өз иесі ол зат оған қалай келгенін немесе оны кім жасағанын айтып береді.
«Біздің адал достарымыз»
Балалардан өздеріне адал дос деп санайтын барлық адамдарды атап шығуларын сұраңыз. Атап болғаннан кейін неліктен олай ойлайтындарын айтады.
Мысалы: мен ауырғанда анам мені емдейді, сондықтан ол менің адал досым.
«Қайырымды болуға үйренеміз»
Балалар шеңбер жасап дөңгелене тұрады. Мұғалім қолындағы добын бір балаға береді. Қолына доп тиген бала төмендегідей жағдайларда қандай қайырымдылық жасайтынын айтады:
- мамаң ауырып қалды;
- әжеңнің туған күні;
- кішкентай інің жылап жатыр;
- досың қонаққа келді;
- әкең жұмыстан шаршап келді.
«Ана махаббатының сәулелері»
Мұғалім тақтаға күнді дөңгелете салады. Енді балалардан өз аналарының жақсы қасиеттерін атауларын сұрайды. Әр аталған жақсы қасиетке бір сәуле салынады. Ойынның соңында аналардан қаншама жақсы қасиеттер сәуле болып таралғанын айтып, осы қасиеттерді бойларына сіңірулерін өтінеді. (Балалар қолдарын алға созып терең, құшырлана демдерін ішке тартады.)