Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
15-ақпан күні Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде Ауған соғысының қатысушыларымен кездесу өткізілді. Мақсаты: Ауған соғысының маңыздылығын түсіндіру, жасөспірімдер бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру, тарихты еске алу. Кездесуге Мугалова Камиля Бекмурзиновна - Жақсы ауданының «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалының І төрайымы, Азимбаев Бахыт Бахтиярович - Жақсы ауданы бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, Дауренбекова Гульден Ерболқызы – Аудандық «Жақсы жаршысы» газетінің тілшісі, Ауған соғысының қатысушылары – Варанкин Виктор Власович, Ишимбаев Дмитрий Петрович келіп, ойларымен бөлісті.
Мектептің әскери жетекшісі – Аширханов Даулет Рамазанович оқушыларға Ауған соғысы туралы мәлімдеп, мағыналы бейнетүсірілім көрсетті. Даулет Рамазановичтің ойын Мугалова Камиля Бекмурзиновна жалғастырып, біздің кейіпкерлереміздің Кеңес Одағы тарихына өшпес мұра қалдырғандары туралы айтты. Сондай-ақ, Азимбаев Бахыт Бахтиярович аталған тұлғалардың ерліктерінен жас ұрпақ қашан да үлгі-өнеге алып, аға буын өкілдері сияқты өз Отанының нағыз патриоттары болу керектігін сезіндіре алды. Өткен күндерін еске түсірген батырларымыз, келешек ұрпаққа аманаттарын айтып, бейбіт елде өмір сүруден артық арман жоқ екенін айтты. Мектебіміздің түлегі – Нұрбек Балгүл өз шығармашылығынан өлең жолдарын арнаса, Жәңгір Айсұлу «Бала тілегі» әнін орындап, Тулебаева Айнұр оқушылардың өз қолдарымен жасаған естен шықпас сыйлықтарын табыс етті. Ауданан келген қонақтар да, кейіпкерлерімізді елеусіз қалдырмай, алғыс хаттарын табыс етті.
Кеңес Одағына қажеті жоқ соғысқа қатысып, өз өмірлерін құрбан етуге дайын болған батырларымыздың ерліктерін ешқашан ұмытуға болмайды. Сондықтанда бұл кездесуден біздің оқушыларымыз жақсы әсер алып, естен шықпас кездесу болды деп нық сеніммен айта аламын.