«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаратылыстану–математика» әдістемелік бірлестігі онкүндігінің ашылу салтанаты

12.02.2018

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар!  Бүгінгі жаратылыстану-математика онкүндігінің «Жаратылыстану әлеміне саяхат» ашылу салтанатына қош келдіңіздер!         Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән онкүндіктерінің орны ерекше. Бұл онкүндікті өткізудегі негізгі мақсатымыз оқушылар жаратылыстану мен математиканы тек сабақта ғана  пайдаланып қоймай өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс - шаралар өткіземіз. Сол іс-шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді оятуға тырысамыз.

2-жүргізуші: 

Негізі бар ғылымның математика

Жалықпай оқып үйрен тек қана

Білімнің кілтін ашты, көзін тауып

Ньютон, Колмогоров, Ковалевская.

Бүгінде математика барлық жерде

Құрылыста, техникада өндірісте

Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер,

Жас достар зерделікпен меңгеріңдер.

(Ортаға оқушылар шығады)

1-оқушы: (Камила) Математика – ғылымдардың патшасы. Патша деп аталуы да бекер емес, оның өмірдің бар салаларында маңызы зор. Әрбір адамның өмірінде математика өте қажет. Менің туыстарымның өмірінде де алатын орны ерекше деп ойлаймын. Мысалы, менің анамның мамандығы медбике. Математиканы білуі оған жұмыс істеу барысында қажетті дезинфекциялаушы сұйықтықтардың пайызын, калорияны есептеуге қажет. 

2-оқушы: (Диана) Ал менің апам бау-бақшамен айналысқанды ұнатады. Ол үшін апам бір шаршы метрге қанша ұрық, тыңайтқыштарды себуі керектігін білуі қажет. Жақсы өнім алу үшін аптасына неше рет суару керектігін білуі керек. Ал, атам сиырға қарайды. Егер ол математиканы білмесе сиыр көп сүт беру үшін қанша жем, шөп дайындау керектігін білмес еді. 

3-оқушы: (Динара) Ал, менің әкем құрылысшы. Егер ол математиканы білмесе, оны жұмысқа алмас еді. Себебі оған математика қабырға мен еденнің ауданын есептеу үшін қажет. Оны білмесе, ол қажет құрылыс материалдарының шығынын есептей алмас еді.  Менің анам сатушы. Ол математиканы жақсы біледі. Ол тауарды өлшейді, сатып алушылармен жұмыс жасайды. Керек тауарга тапсырыс жасайды және әкелінген тауардың кұнын төлейді.

4-оқушы. (Ерасыл) Менің анам – есепші, яғни бухгалтер. Бұл математикамен тығыз байланысты мамандықтардың бірден бірі. Анам жалақыны есептеу үшін бөлуді, көбейтуді, қосуды, алу амалдарын білуі керек, әйтпесе жалақы алатын адамдар зардап шегеді. Сонымен қатар ол салық басқармасына жіберілетін салықты, зейнетақы қорына есептелетін ақыны есептей алуы қажет.  Ал, әкем – көлік жүргізуші. Ол жұмысында жүрген жолына қанша бензин жұмсалғанын есептпеу үшін және белгіленген жерге уақытында жету үшін қандай жылдамдықпен жүру керектігін арифметикалық амалдарға сүйеніп біледі. 

5-оқушы: (Мөлдір) Міне, осыдан математика жер бетіндегі барлық адамдарға керек. Онсыз адам есептпей алмайды, өлшей алмайды және шеше алмайды. Математикасыз үй салуға, қалтадағы ақшаны санауға, қашықтықты мөлшерлеу мүмкін емес. Адам математиканы білмесе ұшақтарды, автомобильді, кір жуғыш машинаны, тозаңытқышты, теледидарды және басқа да көп техниканы жасай алмас еди. Математика тарихта, өмирде, физикада, химияда, және тілдерде де қажет. Математика бізді логикалық ойлауға, нәтиже шығаруға тәрбиелейді. Математика – нақты ғылым! 

1-Жүргізуші: Мектебіміздің КВН құрама командасы сіздердің алдарыңызда. қабыл алыңыздар, құрметті көрермендер. 

(КВН құрама командасы сахнаға шығады)

2-жүргізуші: Ерте-ерте ертеде жаратылыстану патшалығы өмір сүріпті. Патшаның үш ұлы, ай десе ауызы, күн десе көзі бар асқан сұлу қызы болыпты. Ұлдарының біреуі биолог, екіншісі географ, үшіншісі химик екен. Бір күні патшаның қызы қатты сырқаттанып қалыпты.

Ханшайым: Хан ием қызымыз ауырып қалды, оның ауыруы күннен күнге ушығып барады. Не істейміз? Бір амалын табыңыз.

Патша: шақырыңдар тәуіпті.

Емші: Хан ием қызыңыздың хәлі өте нашар. Оның жүрегі ауырады, сондықтан жүрек талма ауруына шалдыққан.

Патша: Ұлдарым арттарыңнан ерген жалғыз қарындастарыңның жағдайын естіп отырсыңдар. Ендеше емін таппайынша елге оралмаңдар.

Биолог: Жүрек талма ауруна дермене – асыл шөбі қажет. Оның бойы 50см-ге дейін өсетін жартылай бұталы, көпжылдық өсімдік. Өте улы өсімдік. Әсіресе, гүл жармай тұрғанда жинап алу керек. Дермене жусанның бір түрі. Халық медицинасында оны жүрек талмасы бар науқастарға пайдалану керек.

Географ: Мен дермене өсімдігінің географиялық орнын анықтадым.

Ол Оңт. Қазақстанда, Арыс, Түркістан аймағында жиі өседі. Сол сияқты Азияда, Тәжікстанда көп кездеседі. Тапсақ сол жерден табамыз.

Химик: Ия дермене өсімдігінің жапырағында 7% жуық сантонин, 1,5-3% эфир майы болады. Мен бұл өсімдіктен тұнба жасап қарындасымызды емдеп аламыз.

Патша: Ұлдарым міне біреуін дермене өсімдігін дәріге жарайтының, екіншін географиялық орның, оның химиялық құрамын анықтап дәрі жасап емдедіңдер. Енді жаратылыстану ғылымының салаларын дамытатын сендерсіңдер. Өздеріңнің білімдеріңді осы онкүндікте көрсете біліңдер және мына барша тұрған балаларды білімге шақырыңдар.

1-жұргізуші: Осымен жаратылыстану-математика пәндері онкүндігін ашық деп жариялаймыз.

Келесі сөз кезегі әдістемелік бірлестік жетекшісі Сулеймэн Еркегулге беріледі.

Жүргізуші: Қош сау болыңыздар.

Просмотров: 1175


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст