Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 9-ақпан күні 5-8 сыныптар арасында Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында «100 ән» жобасының кезекті кезеңі өткізілді. Бұл жолы жоба екі кезеңнен тұрды. Оқушылар 1-кезеңде «Балалық шақ» тақырыбында орындаса, 2-кезеңде «Мектеп» тақырыбына әндерін шырқады.
Бірінші болып шараны 5-сыныбы «Бақытты балалық» әнін хормен бастап, көрермен назарын лирикалық әуенімен баурап алса, 2-кезеңде «Аяулы мектебім» әнінің ырғағына сәйкес әдемі би құрастырған екен.
6-сыныбының оқушылары шараға ерекше ықыласпен дайындалып, сыныптың ұйымшылдығы жоғары деңгейде екенін көрсетті. Бұл ретте Әйгерім Қалаубаева орындайтын «Көңілді күн» әнін күндей жарқырап, әсем әнді би қымылдарымен толықтырып, тыңдаушыларды жоғары деңгейде орындау мәнерімен таң қалдырды. Екінші кезеңде «Бір үйдің баласындай» әнін орындады
7-сынып оқушылары 1-кезеңде «Балалық шаққа саяхат» әнін орындап, әннің шығу тарихын жақсы баяндап берді. Касымбекова Дильназ бен Карашина Наргиз дуэт түрінде орындаған әні де, көрермен көңілінен ерекше қабылданды. Ал, «Мектебім» әнін топпен орындаған қатысушылар нұрын шашқан сәуле секілді, сезімдерін толығымен жеткізе алды.
8-сынып оқушылары атынан жобаның екі кезеңінде мектебіміздің «күміс көмей» әншісі – Дарменова Гульназ өнерін ортаға салды. 1-кезеңде «Балалық шаққа саяхат» әнін орындаса, 2-кезеңде «Мектебім» әнін орындады. Талай шыңдарды бағындырған әншіміз бұл ретте де, көрермендерді әдемі дауысымен таң қалдырды.
Нәтижесінде, қатысушылар қоржындарын келесі ұпай санымен толықтырды: 5-сынып – 64,3; 6-сынып – 65,3; 7-сынып – 56,6; 8-сынып – 49,6.
Жас таланттыларға келешекте сәттілік тілеп, биік шыңдардан көрінуіне тілектеспіз.