«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

10.02.2018

3 ақпан күні Көкшетау қаласында Ақмола облысы Білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері», ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының филиалы ұйымдастырған өңірлік семинар өтті. Физика пәні мұғалімдері № 6 мектеп лицейінде болдық. Қатысушыларды тіркеу 900 – 10 00 жүргізілді.

1000 - ден -1100 -ге дейін Көкшетау қаласының № 16 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Әйкен Гүлжан « 5, 7 сыныптарда оқу мақсатына жетуге бағытталған жаңартылған білім беру мазмұнындағы сабақты жоспарлау» жөнінде практикум өткізді. Мұнда ұзақ мерзімді жоспарды қалай құру керек екендігін, қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалаулар туралы түсіндірді. 1105-тен 1225-ке дейін Көкшетау қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері Онгарбай Ж.О. және Абишева Ж. А «Физика пәнін оқыту ерекшеліктері » атты практикум жүргізді. Онда қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеудің негізгі тәсілдері мен мұғалімдердің кері байланыс дағдыларын жетілдіруді айтып өтті. Қатысушыларды топқа бөліп бір сабақ жоспарын құрғызды, постер қорғатты. Семинар тек теория жүзінде өтті, практика түрінде ештене көрсеткен жоқ. Семинар соңында рефлексия жаздық.

Просмотров: 520


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст