Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Қолөнер дүниежүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен туындап, дамып отырады. Қазақ қолөнерінің өсу жолы өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақ халқы кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрлерді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан аумағына жан-жақтан келген көшпелі тайпалармен халықтардың, сондай-ақ Ресей, Орта Азия халықтарының да мәдениеті әсер етті. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі өнері айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді.
Қазақ қолөнерінің ежелгі түрінің қайтадан жаңғырып, қазіргі заманмен жарасым тауып отырғанын көрсетеді. Және де құрақтан жасалған бұйымдардың көбеюі шетелдіктерге біздің еліміздің қолөнерінің қаншалықты дамығанын паш етіп, қазақты әлем халықтарына кеңінен танытуға жарқын жол ашып отыр. Құрақ құрау қыз-келіншектеріміздің жанында ұлтжандылық қасиеттерді орнықтырып, оларды ұлттық қолөнерімізді сүюге, оны дамытуға үлес қосуға тәрбиелейді.
Құрақшылық қолөнері сәнді жұмыстар жасау тарихы өте арыдан басталады. Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау.
Қазақ қолөнерінің, оның ішінде құрақ бұйымдарының бояуы сан алуан. Халқымыздың ұғымында көгілдір түс-аспанның символы, қызыл түс – оттың, қанның, өмірдің, жасыл түс – өсімдіктің, көктемнің, бастаудың, ақ түс – биіктіктің, сары түс – даналықтың, білімнің белгісі. Сол себепті, қиықта бұл түстер бір-бірімен тығыз бірлікте тұрғанында ғарыштың, әлемнің бейнесін бедерлеп, буддистік мандаланың философиялық мағынасынан да артық мән-маңызға, құпия сырға толы екенін байқатады. Қазақ қолөнерінің қандай түрінде де ою-өрнектер пайдаланылады. Құрақтан жасалған бұйымдарда да олар өз орнын тауып жатады.
Қазақ халқының қолөнерін дамытып, оны әлемдік дәрежеге шығарған, еліміздің мақтанышына айналған, арттарына өшпес мұра қалдырған көптеген шеберлерге тоқталуға болады. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан эстетикалық талғамының куәсі болуымен бірге, әлеуметтік тарихи және кәсіби дамуынан мағлұматтар берді. Қазақ халқы өзінің ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен араласып, әр кезенде түрлі карым-қатынаста болғандығы мәлім, ғасырлар бойы өзбек, ұйғыр, қырғыз, ноғай, қалмақ халықтарымен, араб, парсы елдерімен, сондай-ақ бүгінге дейін орыс халқымен ұдайы мәдени байланыста. Соңдықтан қазақ халқының негізін құрайтын ою-өрнектерді көршілес елдердің қолөнерінен де кездестіруге болады.
Ғасырлар бойы қазақ қолөнерінде ою-өрнек тек қосалқы рөл атқарып қана қоймай, олардың ежелден төтемдік және символдық мәні болғанын қазақ ою-өрнегін алғаш зерттеген қазақ ғалымы Т. Бәсенов қазақ мәдениетінің мәдени шежіресі болып табылатын ою-өрнекті түбегейлі зерттеп көптеген құнды пікірлер қалдырды. Қазақ оюларының араб, иран, византия оюларынан басты айырмашылығы – ою-өрнектің әрбір элементі жеке дара күйінде бейнеленіп, оның әрбір элементі дара тұрады. Қазір егемен елдің қолөнер туындылары басқа қырынан жаңаша көрініс тапты, ол жаңа түрге, жаңа мазмұнға ие болды.