«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алтын жүрек анамыз

07.02.2018

"Алтын жүрек анамыз" мәнерлеп оқу байқауы 06.02.2018 күні Ғ. Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде "Алтын жүрек анамыз" атты бастауыш сыныптар арасында мәтінді мәнерлеп оқу байқауын бастауыш сынып мұғалімі Жуманова Сауле Есеновна өткізді. Байқауға 2-4 сынып оқушылары белсене ат салысты. Байқаудың мақсаты: оқушылардың санасына мейірімділік, қайрымдылық ұғымдары қалыптасады, кішіпейілдікке, бауырмалдыққа тәрбиеленеді. Оқушыларға Назарбаева Сара Алпысқызы туралы мәліметтер кеңінен беріліп, ол кісінің адамгершілік қасиеттері арқылы балаларды қайырымдылыққа тәрбиелеу жолдарын көрсеттік. Дүниедегі жақсылық атауының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғынуға жетелейді деген түсінікті саналарына қалыптастырдық.

Байқау барысы мұғалімнің кіріспе сөзінен басталып, Назарбаева Сара Алпысқызының «Бөбек» қайырымдылық қорындағы бейнеролигі көрсетілді. 2-4 сынып оқушыларының мәнерлеп оқудан сайысын әділқазылар мүшесі бағалап отырды. Балалардың аналарына деген көз қарасы қандай екенін білу үшін байқауға қатысқан оқушылар мен көрермендер арасында «Ашығын айтсам» деген жаттығу орындалды. Бұл жаттығуда аяқталмаған сөйлемдерді әр оқушы өз пікірін білдіріп аяқтады. Осылайша, өмірде анаға деген сағыныш, оның ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас екенін түсіне отырып, баршамыз ана атына кір келтірмей, оларды ардақ тұтып құрметтеуіміз қажет екенін түсінді. Іс-шара келесі өлең жолдарымен аяқталды.

Әркімнің ақ жаулықты анасы бар,

Бәрің де ана алдында баласыңдар.

Анасы ақ жаулықты төрде отырса,

Ұяда береке бар, жарасым бар.

Просмотров: 380


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст