Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
«Әлемдік жаңғыру» аясында елімізді және оның жүрегі - Астананы дамыту мен өркендету Елбасымыздың жіті қадағалауында тұрғанын жақсы білеміз. Сондықтан Қазақстанның әрбір азаматы, әрбір мемлекеттік қызметкері осы елдік жауапкершілікті терең сезініп, ел мәдениетінің одан әрі жетілуіне аянбай үлес қосуы қажет деп санаймыз. Еліміздің даму басымдықтарын нақты айқындап берген Президент Н.Ә.Назарбаев өңірлік және әлемдік экономикалық дағдарыс өршіп тұрған кезеңде халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, елдің әл-ауқатын түзеу, халықаралық беделін арттыру міндеттерімен қатар болашақтың кепілі ретінде тарихымызды танып-білу мен зерделеу, оларды Тәуелсіздік құндылықтарымен сабақтастықта қарау қажеттігіне айрықша көңіл бөлді. Бұл отаншылдық үдерістерге серпін беріп, тарихы терең Қазақстан Республикасын және өзімізді құрметтеуге жол ашты. Еңсеміз көтеріліп, халықтық қалпымыздың сапасы артты. Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен өмірге келген «Мәдени мұра» бағдарламасы кең байтақ еліміздің қойнауында зерттелмеген, ұмытылған ғажайып археология жәдігерліктерін табудың, халықтың бай рухани құндылықтарын зерделеудің, мұраны зерттеудің жаңа жүйесін қалыптастырудың, табиғи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтірудің, дүниежүзілік ғылым, мәдениет, әдебиет жетістігіне негізделген гуманитарлық ғылымның толыққанды қорын құрудың негізіне айналды.