Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Адам және оны қоршаған әлем туралы жүйелі түсініктің күшеюімен, ғылым мен ғылыми бағыттардың өсуімен, адамның рухани - адамгершілік дамуы мен жалпы адамзаттық құндылықтарды танып - білуге байланысты бізге жаңа адами - ғылыми әдіснама қажеттігі қазіргі уақытта қатты байқалуда. Бұндай әдіснама философия, педагогика және психология ғылымдарының ықпалдастығынан туындаған метапән «Өзін - өзі тану» пәні болып отыр. «Өзін - өзі тану» пәні тек жоғарыда аталған ғылымдардың ықпалдастығын ғана емес, ол адамзат өркендеуі үшін қолданылып отырған ғылымдардың ешқайсысын назардан тыс қалдырмайды, олардың барлығын да қамтиды.
Әрбір пәннің мазмұнына рухани – адамгершілік тәрбиенің мазмұнын енгізуі берілген білімді ізгілендіруге мұғалімнің қосатын үлесі мол. Өзін - өзі тану мен рухани – адамгершілік білім беруді ықпалдастыру ең алдымен беріліп отырған білімді жандандыру, яғни оның рухани байлығын кеңейту болып табылады.
Рухани – адамгершіліктің немесе жалпы адамзаттық құндылықтардың пәндермен ықпалдасуы туралы кейбіріне тоқтала кетсем:
Биология пәнін оқыту барысында: Бағзы замандарда ата – бабамыз қызғалдақ гүлін жұлмағандығы туралы әңгімелейміз. Себебі, оларда қызғалдақты дұшпанға қарсы соғысқан батыр бабаларымыздың жерге тамған қанынан пайда болған гүл деседі. Сондай - ақ, «қызғалдақ» - қызыл + қан – дақ деген үш сөзден құралған атау. Уақыт өте келе бұл атау қысқарып қызғалдақ деп аталып кеткен деседі. Биологтардың айтуынша қызғалдақтың лас ауаны тазалайтын қасиеті бар, яғни жан дүниесі таза, рухы биік адамдар іспеттес. Расында адам қызғалдақ гүлінің арасын аралап бірнеше сағат жүрсе, бойында ерекше қуат пайда болып серпіп қалатынын сезінеді. Жапон ғалымдары арнайы микротолқын қабылдайтын аппаратпен барлық өсімдікті зерттей отырып, олардың жаны, рухы бар деген тұжырымға келді. Құтыда өсіп тұрған қызғалдақты қайшымен қырқып тастамақ болғанда, әлгі аппаратқа: Маған қауіп төніп келеді! Қауіп жақындады! Төнді! Өлдім! – деген жазу басылып шыққан. Ғалымдар гүлдің діріл қаққанын аңғарған.
Физика. Магнит өрісі
Балалардың күнделікті ойнайтын үрмелі шарларын қолымызға қолғабымызды киіп, үйкелегеннен кейін қолымызды алшақтататын болсақ, шарымыз ешқайда ұшып кетпей алақанымызға келіп жабысады. Кез – келген заттарды бір – біріне үйкелеп, соңынан бір - бірінен алшақтататын болсақ, бәрі бір - біріне тартылады. Яғни бұдан шығатын қортынды: Рухани жақын адамдар бір – біріне ренжісіп көңілі қалып жатса да, кейіннен түсінісіп сыйластықта бола алады.
География пәні: Сулар мен таулар
Бұл дегеніміз судың бір - бірімен араласпайтындығы,сонымен қатар судың адам өміріндегі тазалық символы, адамды рухани - адамгершілік тұрғыдан су арқылы жуып - тазалауға болатынын көруге болады. Таулардың адам табиғатындағы рөлі өте зор және адам мен таудың рухани - адамгершілік ұқсастығы өте көп.
Химия пәні мен өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыруда металдардың қасиеттерінің өзі адамның мінез-құлқымен байланысты, мысалы, "сабыр түбі сары алтын - сабырлының бәрі алтын" дей отырып жақсы мінезді адам болуға оқушыларды баулу, судың қасиетін, адам өміріндегі маңызын, ғалымдардың судың ақпаратты тасымалдағыш қасиеті, яғни, жағымды ойдың, сөздің судың құрамына қалай әсер ететіні, оның адамға әсері туралы ғылыми деректерді ұсынуға болады. Жаһандық мәселелерді шешудің жолын қарастыру, жүзеге асыруда оқушыларға қажетті білім, тұлғалық даярлық, оның ішінде алған білімді өмірде пайдалануға үйрету.
Математика пәні:
Әлемде үлкен бір ел болыпты. Бұл елдің тұрғындары сандар екен. Олармен қатар бұл елде цифрлар да өмір сүріпті. Сандардың көптігі соншама, санасаң сан жетпейді екен. Ал цифрлар бар болғаны, он: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,0.
Сандар мен цифрлар тату - тәтті өмір сүріп жатады. Мысалы, біреу "он бес" десе, 15 саны жетіп келеді, егер оны жазу керек болса 1 және 5 цифры қатар тұра қалып, 15 деген санды жаза қояды екен. Күндер өтіп жатады. Heгe екені белгісіз бір күні сандар цифрларға келіп:
- Біз көппіз, ал сендер бар болғаны онсыңдар. Сондықтан біз сендерден
мықтымыз, - дейді. Цифрлар сандарға ренжіп қалады. Сонда 0 цифры басқа цифрларға:
- Мақтаншақтары жоқ басқа елге кетейік. Сандар өздері қалсын. Көрейік не істейтіндерін? - дейді.
Күндердің күнінде сандар өздеріне жаңа үйлер салады. Енді әркім өзінің есігіне нөмірін жазайын десе, жаза алмайды. Сандар өз аттарын айтып қанша айқайласа да, ештеңе шықпайды. Өйткені олардың қасында цифрлар жоқ. Сонда ғана сандар өз қателіктерін түсінеді. Сандар қаншама көп болса да цифрсыз өмір сүре алмайы екен. Сандар енді цифрларды іздеп шығады. Ақырында оларды тауып алып, кешірім сұрап, елдеріне цифрларды қайта алып келеді. Содан бері сандар мен цифрлар тату - тәтті, достықта өмір сүріп жатыр екен.
Өзін - өзі тану пәнін басқа пәнмен ықпалдастыру тақырыбы қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі болып отыр. Ай мен Күн барлық адамзатқа, тірі ағзаға ортақ. Олар ешкімді, еш нәрсені алаламайды. Жақсы адамның да шапағаты барлық әлемге бірдей. Міне, осындай өмірмен байланысты тақырыптар, мақалдар арқылы адам бойындағы құндылықтарды біртіндеп сіңіре отырып, қалыптастыруға болады. Барлығын бір мезгілде оқушы бойында қалыптастыруды көздемей, олар өздері ойлап, ойларын нақты жеткізе білсе, нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын.