Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Биылғы жылы дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі 15-27 қараша күндері аралығында өтті. Онкүндік жұмыс жоспарына пәндер бойынша ашық сабақтар мен іс-шаралар, семинар, жәрмеңке ұйымдастыру жоспарланды. Барлық ашық сабақтар мен іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді.
Онкүндік барысында оқушылар арасында спорттың түрлері тоғызқұмалақ, теннис, шахмат, шашки, асық ату, баскетбол ойындарынан жарыс өткізілді. Сонымен қатар технология пәндерінен «Ең үздік шебер» сайысы 6-9 сынып қыздары арасында өткізіліп, 9 сынып оқушысы Хамит Аяулым «Ең үздік шебер» атағына ие болды. «Шебер қолдар» атты сайыста 7 сынып ұлдары арасында өтіп, «Шеберлер» командасы жеңіске жетті.
Сондай-ақ, «Айгөлек ән-би» байқауы ұйымдастырылып, байқауға 1-7 сынып оқушылары арасында өткізілді. Байқау өз мәресіне жетіп, үздіктер анықталды. «Күз кереметі» тақырыбында жәрмеңке 5-11 сыныптар арасында өткізілді.
Ұстаздар мен оқушылар арасында «Мен және ұстазым» атты жарыс өткізілді. Жарыста мектебімздің жас мамандары мен 4 сынып оқушылары қатысты. Жарыс қызықты да, тартысты өтті. Жарысқа 4 команда қатысып, «Қырандар» командасы жеңіске жетті. Сонымен қатар әр әдістемелік бірлестіктің мұғалімдері арасында волейболдан жарыс өткізілді. Пән мұғалімдері ашық сабаққа жақсы дайындалып келді. Сабақта жаңартылған бағдарламаға сай технологияларды қолдана білді.
Ұстаздар арасында «Дене тәрбиесі және эстетикалық пәндерді оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды «Амандасу» тренингмен мектеп психологы Турдахунова Айнур Кайроллаевна ашып, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Рахметова Асел Куанышевна «Дене тәрбиесі және эстетикалық пәндерді оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбында баяндама оқыды. Музыка пәнінің мұғалімі Есенгулова Тогжан Сейткереевна «Музыка пәнінің басқа пәндермен байланысы» тақырыбында танымдық ойын сайысын өткізіп, семинардың соңында еркін микрофон алаңына шығып, әр пән мұалімдері өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы өткізілді. Мектеп директорының оқу ісінің орынбасары Тулегенова Калия Кадыровна жеке кітапханасынан кітапханаға кітаптар тарту етті. Онүндіктің жабылуында ұстаздар мен оқушыларға мақтау грамоталары ұсынылды.
Келесі дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігінде өткізуге ұсыныс:
· Келесі өткізілетін онкүндіктерді жоспарлағанда әдістемелік бірлестіктердің болатын күндерін ауыстырылып отыру қажет.
· Спорттық шаралар өткізілген кезде сынып жетекшілері болуын қадағалау керек.