«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан мен АҚШ ғарыш саласында ынтымақтасатын болды

20.01.2018

Назарбаевтың АҚШқа ресми сапары үш күнге созылды . Мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, тараптар аймақтық қауіпсіздік пен экономикалық қарым-қатынасты нығайтудың жолдарын талқылады. Астана мен Вашингтонның арасындағы байланысты қазіргіден де жақсарту жайлы сөз қозғалды. Айта кету керек, АҚШ Қазақстанның ең үлкен инвесторларының бірі. Қазір елімізде америкалық 500 компания жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, Назарбаев 18-ші қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиынына қатысты. Басты тақырып - ядролық қаруды таратпау мәселесі. Биыл еліміз алғаш рет Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болады және төрағалық етеді.  Сондай ақ Қазақстан мен АҚШ ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды.

ҚР ҚАӨМ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен геоақпараттық жүйелердің сапасы мен өнімділігін арттыратын ақпараттық технологиялардың жетекші әлемдік жеткізушісі «Hexagon Geospatial» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның негізгі мақсаты Жерді қашықтықтан зондау қазақстандық ғарыштық жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған заманауи геокеңістік ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдар саласындағы жақтардың ынтымақтастығы болып табылады. «Ғалам» ЖШС пен спутниктік байланыстың жерүсті инфрақұрылым саласындағы әлем көшбасшысы «iDirect» компаниясының арасында да ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.Аталған Меморандум түрлі мақсаттағы спутниктік байланыс жүйелерін, сондай-ақ өзара қызығушылығын тудыратын басқа да өнімдер мен қызметтерін жасау кезіндегі жақтардың ынтымақтастығы мен өзара іс-әрекеттілігін көздейді. «Бұдан басқа, ҚР ҚАӨМ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшылығы «ESRI» компанияның өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында «ESRI» серверлік платформасын Қазақстан Республикасының ғарыштық бақылауында қолдану мүмкіндіктері, сонымен қатар ҚР ЖҚЗ жүйесінің ғарыштық суреттерін жүзеге асыруға байланысты мәселелер талқыланды.Елбасының АҚШ-қа сапары барысында $7 млрд-тан астам соманың келісімдеріне қол қойылды. Сонымен қатар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары аясында АҚШ-тың іскер топтары өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Просмотров: 288


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст