«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепішілік педагогикалық оқулары

18.01.2018

Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты – жан-жақты дамыған, алдыңғы қатарлы елдермен теңесу. Ал оған жетудің басты жолдарының бірі – әлемдік білім кеңістігінен орын алу. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді. Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үдерісін жетілдіру, инновациялық технологияларды дүниеге әкелу, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға қалыптастыру өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.

Білім – қазақ халқының болашаққа бару жолындағы үлкен стратегиялық қоры. Білім беру жүйесін заман талабына қарай өзгерту, дамыту, жаңа талаптарға бейімдеу  –  қоғамдық мәні үлкен мәселе. Қазақстандық білім беру жүйесі тарихының жаңа кезеңі оқытудың жаңа жүйелері мен жаңа технологияларын зерттеуді, тиімділігін анықтап, оқу үдерісіне енгізумен ерекшеленеді.

Жаңа білім беру жүйесі дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуді және оқытудың жаңа технологияларын оқыту үдерісіне тиімділікпен енгізу жолын негіздейді. Бұл жаңа бағыт оқудың нәтижесін алдын - ала болжап және сол арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуға қатысуын мүмкін етеді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді қорыту мен таратудың бір жолы – педагогикалық оқулар. Мектептің негізгі мәселесі педагогтың жеке-кәсіптік өсуін басқару арқылы білім сапасын арттыру болғандықтан, іске асыру жоспарына сәйкес мектепішілік педагогикалық оқуларды өткізу жоспарланды.

«Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіруі және өзін-өзі дамыту – педагогикалық шеберлікке бастар жол» тақырыбындағы өткізілген мектепішілік педагогикалық оқулар білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді қорыту және тарату мақсаты мен педагогикалық қызметкерлердің өз шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін, республика педагогикалық қауымдастығының мәдени-кәсіби құндылықтарын бекіту және дамыту үшін жағдай жасау, педагогикалық бастамаларды қолдау, позитивті білім беру практикаларын анықтау және тарату, инновациялық қызмет идеялары мен тәжірибені жинақтау бойынша педагогикалық қауымдастықтың қызметін біріктіру, кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейту, өз жұмыс тәжірибесін жинақтау арқылы педагогикалық қызметкерлердің рефлексивті икемдерін дамыту міндеттерін көздеген.

2018 жылы 13 қаңтар күні «Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіруі және өзін-өзі дамыту – педагогикалық шеберлікке бастар жол» тақырыбындағы мектепішілік педагогикалық оқуларына мектептің 5 әдістемелік бірлестігінен 15 мұғалім қатысты. Әр қатысушы баяндама мен презентациясын дайындады. Жаксиликова Жанерке Мерекебаевна «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту», Мұратқызы Мөлдір «Оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту», Сыздыкова Улданай Хидиралиевна «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуда қолданылатын педагогикалық әдістер мен технологиялар», Ериков Кабижан Зейнелкабиденович «Тарих сабағында заманауи әдіс-тәсілдер мен тиімді педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру», Махатова Жадра Ануарбековна «Игровые технологии на уроках русского языка и литературы», Самурат Нурегуль «Оқушылардың сөйлеу тілін дамытудың әдіс-тәсілдері», Абдуалиева Каракоз Ериковна «Математика олимпиадасына дайындық бастамаларын жүргізу жұмыс түрлері», Рахметова Асель Куанышевна «Жаңа білім беру нәтижесінде интербелсенді әдістерді қолдану», Уалханов Нұсултан Бейсенбекұлы «География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру», Аширханов Даулет Рамазанович «Оқушыларды қазақ күресіне қызығушылығын арттыру жолдары», Колбай Бекболат «Технология сабағында қазақтың ұлттық қол өнерін пайдалану ерекшеліктері», Турлыбекова Тлектес Кабиденовна «Технология сабағы арқылы оқушылардын шығармашылық қабілеттерін арттыру», Есенгулова Тогжан Сейткереевна «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту», Макишева Куралай Дабыловна «Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу», Сейдахметова Роза Крикбаевна «Бала тәрбиесіндегі сынып жетекшінің ролі» тақырыптар аясында жұмыстарын көрсетті.

Сараптау кеңесі: төрайымы Мейрамова Г. Ж., мүшелері: Тулегенова Г. К., Омарова А. Б., Садвакасова Г. С., Сулеймэн Е. ұсынылған жұмыстарды сараптап, бағалап, қорытындысын шығарды.

Аширханов Д. Р., Колбай Б., Макишева К. Д., Мұратқызы М., Сейдахметова Р. К. тақырып мазмұнын толықтырып, іс-тәжірибедегі жетістіктерін енгізіп, халықаралық жәрмеңкеге қатысуларына ұсыныс жасалды. ІІІ орын – Есенгулова Т. С., ІІ орын – Жаксиликова Ж. М., І орын – Абдуалиева К. Е. Барлық қатысушыларға арнайы сертификат тапсырылды.

Әдістемелік кабинет «Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіруі және өзін-өзі дамыту – педагогикалық шеберлікке бастар жол» атты жинағын шығарды. Бұл жинаққа мектепішілік педагогикалық оқуларға қатысқан педагогтарының жұмыстары енгізілді.

Педагогикалық оқулар білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін көтеру, оқушылар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытудағы озық инновациялық педагогикалық тәжірибелерді жинақтап, тарату мақсатында сәтті өткізілді.

Просмотров: 723


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст