Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Ел болам десең, бесігіңді түзе – демекші бала тәрбиесінің маңызы зор. Әрбір ата-ана өсіріп отырған ұл-қыздарының әдепті, батыл, адамгершілігі мол, қамқор, өз-өзіне сенімді болғанын қалайды. Бұл үшін өзінің бар білгенін баласына үйретеді. Бала ана құрсағына біткеннен бастап, анасы немен көп айналысып, қандай жұмысты көп жасаса бала өсе келе сол істі тез игеріп алады екен.
Қазіргі кезде кейбір ата-аналар балалардың тәрбиесіне атүсті қарайды. Балаларына бесік жырын айтатын ананы кездестіру өте сирек кездеседі. Балаларына ертегі оқып беретін, сол оқыған ертегісінің тәрбиелік мән-мағынасын түсіндіріп те бермейді. Тілі шыққан балалармен тілдік қарым-қатынас жасамайды, әңгімелеспейді. Баланың білсем деп қойған сұрақтарына толық, мағыналы, түсінікті жауап та қайырмайды. Сондықтан да өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың сөздік қоры аз, мәнерлі-мағыналы сөйлей алмайтынын жақсы білеміз. Сұрақтарға жауап берудің орнына баласының қолына смартфон, планшетті ұстата салады. Ата-ананың бақылауынан шығып білімді мектептен емес, қолдарындағы заттардан алатыны міне осыдан. Балам әлі кішкентай үйретіп, оқытып басын ауыртпай-ақ қояйын, өскенде үйренеді, деген пікірді ұстанған ата-аналар да жоқ емес. Адамның бес жасқа дейінгі алған тәрбиесі бүкіл өмірден алған тәрбиесінің тоқсан пайызын құрайды екен. Сондықтан, бала тәрбиесіне жастайынан көңіл бөлу қажет. Бала тәрбиесінде ата-ананың атқаратын міндеті ерекше екенін баса айту керек. Бала ата-анасын тыңдап өссе, мектепте мұғалімді де тыңдай біледі. Баланы жастайынан жауапкершілікке бағыттап, нақты жауап беруге үйрету қажет. Сонда ғана тәртіпті, жауакершілігі мол, түйінді пікір айта алатын азамат болып өседі. Болашақтың тірегі болар жастарды әдептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелегенде ғана, мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосады деп сенемін.