«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Кітап – білім бұлағы!» жобасы Буккросинг бойынша атқарылған іс – шара туралы ақпарат

16.01.2018

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық­тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана та­быс­қа жетуге мүмкіндік алады.

Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы.

Олай болса, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Кітап – білім бұлағы!» жобасы мектебімізде ай сайын жоспарланған түрде өткізілуде.

Міне, кітап – біздің асып-таспайтын асыл досымыз. Француз философы Дени Дедро: «Кітап оқуды қойған адам – ойлауды да қояды» деген екен.  Технология атаулы қанша дамып жатыр десек те, қай заманда болмасын кітаптың орыны биік тұрары сөзсіз. Алайда, қазіргі кезде кітапхана мен кітап дүкендеріне барудан қалып бара жатқанымыз өтірік емес. Біріне уақыт сылтау болса, екіншісіне қалтамыздың көтере бермейтіндігі сылтау. Ал, бұл екі сылтауға да кедергі бола алатын «кітап сыйлау» немесе «кітап алмастыру» акциясы туралы естуіңіз бар ма?  Толығырақ айтқанда, акцияның негізгі атауы «Буккроссинг» деп аталады

Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) - «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды - “буккроссерлер” деп атайды.

Мектебімзде өткізілген «Кітап – білім бұлағы!» жобасында әдеби кітаптар мен шығармалар, ертегілер мен дастандар, батырлар жыры сөрелерге қойылып оқушылар кітаптар мен танысып, суреттерді көріп естіген білгендерін ортаға сала қызықтасты.

Іс-шараның мақсаты: Ұстаздар мен оқушыларға елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын оқушыларға насихаттау болып табылады.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мектеп ұжымы мен 5-11 сынып оқушыларына насихатталды. Насихаттау барысында Н.Ә.Назарбаевтың көптеген кітаптары мен шығармалары оқушылар назарына ұсынылды. Кітапханада стенд жасалды.

Оқушылар іс-шарадан кейін өз пікірлерін ортаға салды. Қазақстанды өркендету, рухани жаңғырту, өз ұлтының патриоты екенін атап көрсете білді.

Просмотров: 389


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст