«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогикалық кеңес

10.01.2018

Мектебімізде 04 қаңтар 2018 жылы педагогикалық кеңес өткізілді.

Қаралған сұрақтар:

1-ші жартыжылдық қорытындысы

а) оқу жұмысы бойынша . Тулегенова К. «Мектеп оқушыларының пәндерден функционалдық сауаттылығын қалыптастыру көрсеткіштері»

ә) тәрбие жұмысы бойынша. Омарова А.Б. «Шәкірттерді тәрбиелеудегі жеке жолдарын табу және жетілдіру»

б) әдістемелік жұмыс – Абдуалиева К.Е. «Жаңартылған бағдарламаны енгізуде мұғалімдердің кәсіптік шеберлігі мен құзіреттілігін қалыптастыру»

Сүлеймэн Е. «1- ші жартыжылдықта жаратылыстану- математика пәндері бойынша енгізілген жаңа инновациялық өзгерістер»

Садвакасова Г.С. «1- ші жартыжылдықта гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша оқушылардың дүниетанымын кеңейтудегі атқарылған жұмыстар, алған білімдерін өмірде қолдану деңгейі»

Жуманова С.Е. «Білім сапасын арттырудағы қолданыстағы жаңа технологиялар»

Есенгулова Т.С.«Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің аудандық шаралар қорытындыларына әсері »

3.Шағын орталық, мектепалды даярлық сыныбында үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгерту бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізуге дейінгі атқарылып жатқан жұмыстары. (Сулейменова Р.А., Сыздыкова Ұ.К.)

4. Мектепішілік өткізілетін іс-шаралардың бала психологиясында алатын орны. (мектеп психологы Турдахунова А.К.)

Қорытынды баяндаманы жасаған мектеп директоры Г.Ж.Мейрамова. Мектеп оқушыларының, мұғалімдерінің жетістіктерінің 2017-2018 оқу жылында күрт төмендегені туралы баса айтып, мақсатты жұмыстарды сапалы атқаруларына назар аудартты.

Қаулы:

1.Пәндерден білім сапасын және дүниетанымын арттыру мақсатында олимпиадаларға, шығармашылық сайыстарға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына үнемі қатыстырып отыру;

2.Оқушылар психологиясының ерекшеліктеріне сабақта, сабақтан тыс уақытта назар аударып, жұмыстар жүргізу.

3. Жаңартылған білім беру процесінде инновациялық технологиялармен жұмыс жүргізуді жалғастыру, сапалы нәтижеге бағыттау.

4. Шағын орталық және мектепалды даярлық сыныбының балаларының үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгерту бойынша біліктері мен дағдыларын дамытуды жалғастыру.

Просмотров: 350


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст