«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сыныптарда тілдерді оқытудағы меңгеруі

10.01.2018

Бастауыш сыныптарда тілдерді оқытудағы меңгеруі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына жолдауында «Қазақтың ел болуына, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің қалай болып құрылуында» - деп атап көрсетті.

Қазіргі замандағы мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, ғылыми тілмен айтқанда, инновациялық технологияларды қолдану басты назарда болып отыр. Инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілге деген қызығушылықтарын арттырып, білім сапасын көтеруде.

Еліміздің қазіргі заман талабына сай ҚР «Білім туралы» заңының 5 – бабында «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі және шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген.

Тiлдi меңгеруде грамматиканың орны ерекше, өйткені онсыз ойды жинақтап сөйлемге айналдыру, байланыстырып жеткiзу мүмкiн емес. Сондықтан грамматика толыққанды тiлдесiмге жетудің құралы ретінде қарастырылады.

Бастауыш сынып оқушыларына тілді меңгерту үшін мына талаптар орындалуы керек:

· білімді саналы түрде меңгерту;

· сөйлеу мәдеинетін қалыптастыру;

· тілге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу;

· оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Бастауыш сыныпта балаға тек әріп үйретумен, оқуға, жазуға төселдірумен шектелмейді. Мұндағы басты нәтиже – баланы ортада өмір сүруге, өз достарымен ғана емес, өзге де түрлі әлеуметтік топ құрамында өзінің орны мен рөліне сәйкес дұрыс қарым-қатынас жасай білуге дағдыландыру. Яғни баланың жалпы қабілеттерін әлеуметтік жағынан қалыптастыру алға шығарылады.

Просмотров: 399


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст