Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Бала тәрбиесі – бұл ата-аналардың ерекше азаматтық борышы деп, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев дәл айтып кеткен деуге болады. Ертеңгі ұлт тірегі болатын отбасымыздың қуанышы – бала тағдыры. Балаға тәрбие беру – өте күрделі құбылыс. Адам баласы өмір бойы тәрбиеленеді және қателіктерінің арқасында түзеледі.
Бала мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, құқықтық тәрбие жүргізіледі. Себебі, құқық әрбір адамның қоғамдағы жүріс-тұрысын, мінез-құлқын, адамдармен, жалпы тіршілік ету ортасымен қарым-қатынасын реттейді. Сол себепті,біздің мақсатымыз- ата-ананың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, бала құқығының қорғалуын дұрыс жолға қоюға ықпал ету. Тәрбиенің бір саласы – құқықтық мәдениетті қалыптастыру болса, сол тәрбиенің қайнар көзі, тал бесігі – отбасы. Ұрпақ тәрбиесі отбасынан басталып, мектепте жалғасады. Әсіресе, отбасы тәрбиесі жүйелі болуға тиіс. Әр ата-ана өзінің мінез-құлқы мен адами қарым-қатынасымен, бүкіл болмысымен балаға үлгі болуға тиіс. Сонымен бірге мектеп оқушыларының құқықтық ережелерімен мектепте таныстырып жұмыс жасайды. Балаға білім бере отырып, құқықтық ережелерді меңгертеді.
Ол үшін мектепте түрлі іс-шаралар өткізіледі. Мысалға алатын болсақ, «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Өмірге ИЯ деп айт», «Сенім 111» атты сайыстар мен ашық сабақтар өткізіледі. Оқушылардың өз құқығын білуге ықпал ететін тағы да бір жайт, Түнгі рейд кестесі. Бұл оқушыларды жан-жақты тәрбиелеудің бірден-бір кепілі деуге болады.Аптасына екі рет мұғалімдер түнгі рейдке шығып, көшелерді аралайды, тәртібі қиын деген оқушылардың үйлеріне барады, ата-анасымен кездесіп сөйлесіп тұрады.
Дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ұжданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу – баршаның ісі.