«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің аудандық шаралар қорытындыларына әсері

03.01.2018

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.

Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Себебі, шығармашылық ізденіспен жұмыс жасаған ұстаз, оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып, оқу үрдісін жүргізуі керек. Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі.

«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» — дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттері ашылу үшін белсенді формалар мен әдістерді қолдану керек: әңгімелесу, пікірталас, ойындар, тартыстар, жорықтар мен сайыстар, сұхбат, байқаулар, олимпиадалар, бақылаулар, шығармашылық еңбек, жобалар, дербес сабақтар. Оқушылардың қабілеттеріне қарай әрбір баланың ойын оятып, ойландыруға, талдау жасауға, салыстыруға жетелейтін жеке шығармашылық тапсырма береміз. Осындай әдістерді жиі пайдалану оқушылардың шығармашылыққа баулуына, шәкірт бойындағы талант көзін ашуға, тілін байытып, қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Сонымен қатар дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің де пән мұғалімдері жыл бойы өз жұмысын жүргізуде. Осындай шығармашылықпен жұмыс жасау барысында, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолында үйірмелер мен секциялар жұмыс жасайды. Дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінде 8 мұғалім жұмыс жасайды.

Дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің пән мұғалімдері 1 жартыжылдық жұмыс жоспары бойынша туризм күніне орай бастауыш сыныптарда ұлттық ойындарын, 5-6 сыныптар арасында эстафеталық жарыс, 7-8 сыныптар арасында баскетболдан жарыс, 9-11 сынып арасында жүгірістен жарысты дене шынықтыру пәні мұғалімдері өткізді. 13-23 қыркүйек аралығында тілдер апталығы жүргізіліп, апталықта дене шынықтыру пәні мұғалімдері тоғызқұмалақтан, асық атудан, арқан тартыс, қол жарыс ұлттық ойын түрлерін 5-11 сыныптар аралығында өткізді. «Ана тілін ардақтайық!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жоспар бойынша дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өткізілді. Онкүндіктің жоспарына сәйкес ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Онкүндік барысында тоғызқұмалақ, теннис, баскетбол, волейбол, асық ату, шахмат, шашкиден ұстаздар мен оқушылар арасында жарыс ұйымдастырылды. Жарыс өз мәресіне жетіп, ұстаздар мен оқушылар мақтау грамоталармен марапатталды.

Аудандық «Жастар-2018» футбол жарысынан 2003 жылғы оқушылар арасында 1 орын, тоғызқұмалақ, асық ату, асық ойыны жарыстарынан оқушылар аудандық жарысқа қатысты. Аудандық «Театр ғажайып әлем» тақырыбында спектакльдік қойылым сайысына «Ұр, тоқпақ!» үйірмесі мүшелері белсене қатысқаны үшін мақтау грамотасымен, «Актерлік шеберлік» номинациясын мектебіміздің «Ұр, тоқпақ!» үйірме мүшесі 5 сынып оқушысы Әмірқаш Қалмұрат жеңіп алды. Аудандық көлемінде баскетболдан жарыс өткізілді. Біздің мектептен оқушылары қатысып, жалпы команда бойынша 4 орынға ие болды. Сонымен қатар оқушылар арасында ауданда «Елім менің» тақырыбында патриоттық әндер байқауы өткізіліп, 9 сынып оқушысы Блиспекова Перизат «Жас дарын» номинациясына ие болды. Қажымуратова Асем және Жәңгір Айсұлу белсене қатысқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды. Қазақ күресінен Ибрагимов Алғыр мен Уразалин Медеуболат ауданда көлемінде 1 орын алып, облыста 4 орынға ие болды.

Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің аудандық шаралар қорытындыларына әсері, бұл оқушы бойындағы қабілеттерді толық аша алмаған жағдайда, аудандық шараларда бала толығымен ашыла алмай, өзінің шығармашылығын жеткізе алмауына әкеп соқтырады. Мұның себебі, мектепте сыныптағы оқушылардың бірнеше секциялар мен үйірмелердің, факультативтер мен ғылыми жобаларға қатысуы. Баланың шаршауына байланысты немқұрайлылық танытуы, шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.

Міне, ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі - әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Біздің әдістемелік бірлестік пән мұғалімдерде шығармашылықпен жұмыс жасайды. Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық. Сондықтан мұғалім өз пәнін үйрету барысында әр оқушыны зерттеп, олардың өміріндегі осындай кемшіліктері болса, оны алдын-ала анықтау керек. Бүгінгі күні ХХІ ғасырдың ақпараттанған, жан-жақты мәдениетті, іскер, өмірге икемделген, бәсекеге қабілетті дарынды шәкірт тәрбиелеу барша ұстаздың міндеті.

Просмотров: 386


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст