«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тарих сабағында жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың білімін арттыру

29.12.2017

Жаңа технологияларды пайдаланудағы менің мақсатым білім алып жатқан әр баланы білікті, білімді азамат болуға, қазақ тарихын танып білуге, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Л.Н.Толстой «Үйрету әдістері туралы» еңбегінде «Олақтықтың белгісі - бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі-түрлі әдісті білу, керек кезінде жоқ әдісті де таба білу. Мұғалім көп әдісті білу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс есебінде қолдану керек» деген. Оқытушының бүкіл мақтанышы-шәкірттерінде. Оқытушы жаңа ақпараттық технологияларда жұмыс істеу қабілеті бар білікті педагог, мықты психолог.

Тарих пәні ерекше. Пәнді оқытуда оқытушы оқушымен өте көп жұмыс жүргізуі керек. Жаңа технологиялардың түрлерін тарих сабағында  пайдалану – оқушылардың еркін сөйлеуін, логикалық ойлауын, тіл байлығын жетілдіреді. Пікір – сайыс, сұхбат және т.б. әдіс-тәсілдер араласқан сабақ барысы оқушыларға әсерлі болып, ізденуге шабыт береді. Жаңа технологияны жүзеге асыруда оқытушы белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына  деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Жаңа технологияның өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Әр сабақтың сапалы болып, оның тиімділігін арттыру - ізденімпаз, шығармашылығы шыңдалған ұстаздың қолында.

Осындай оқытудың жаңа технологияларының біріне - сабақты, дәрісті өткізуді «Сыни тұрғыдан  ойлау бағдарламасы» бойынша ұйымдастыру жатқызылады. Бұл әдісте талданып отырған мәселе бойынша әр бір оқушы өз топшылауын, өз пайымын білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, олардың мәнді, мағыналы жақтары жөнінде өз пікірін, өз тоқтамын жасайды. Оқушы бұрын тек тындаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал оқытушы осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады.

Просмотров: 291


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст