Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Дүние жүзінде өте көптеген мемлекеттер Жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр. Сонымен қатар біздің елімізде де бұл мереке аса үлкен дайындықпен тойланады. Қала, аудан, ауылдарды мереке жақындағанда жарқыратып әсемдеп қояды. Бұл көріністі түнде жапалақтап аппақ қар жауып жатқанда тамашалаған қандай керемет. Жаңа жыл мерекесінде барлық адамдардың көңіл-күйлері ауа-райының суықтығына қарамастан көтеріңкі болады. Тек мереке күнде емес, үнемі осындай көңілденіп жүрсе тамаша болар еді деп ойлаймын. Әр отбасының бұл мерекені тойлауда өзіндік ерекшеліктері болады. Кейбір отбасы шетелге қыдырып кетеді. Енді біреулері отбасы ортасында өз үйлерінде, ал кейбіреулер туыс, жора-жолдастарымен қарсы алғанды жөн көреді. Қыс мезгілі келіп, жерге қар түскеннен бастап балалар Жаңа жыл мерекесін тойлауға және қысқы демалысқа шығуға асығады. Қыс мезгілінде аққала жасап, қар боран ойнап, сырғанақ тебу тек балаларға ғана емес ересектерге де өте қызықты.
Бізде мектебімізде Жаңа жыл мерекесіне арналған шыршаны мектепалды даярлық сыныбы мен шағын орталықпен бірлесіп безендірдік. Безендіруге оқушыларымыздың ата-аналары да атсалысты. Мерекені қарсы алуды мектебіміздің ең кішкентай балапандары бастап берді. Жаңа жыл мерекесін кішкентай бүлдіршіндерімізбен бірге тойладық. Балалардың барлығы алуан түрлі мерекеге арналған костюмдерді киіп келді. Аққала, көбелек, сайқымазақ, тауық, елгежейлі сияқты көптеген костюмдер болды. Сонымен қатар бұл мереке балаларға ғана емес ересектерге де қызық болғаны байқалады. Барлығы бір-бірін жаңа жылмен құттықтап жатты. Балалар Аяз ата мен Ақшақарды көріп қатты қуанды. Аяз атаға арнап жаттаған тақпақтар айтып, сыйлықтарға ие болды. Жаңа жыл, Шырша біздің тамаша, Аппақ, аппақ әндерін айтып шыршаны айналып би биледі. Аяз атамен бірге «Сиқырлы орамал», «Қызықты сырғанақ» сияқты көңілді ойындарды ойнады.
Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға береке тілейміз!