Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 13. 12 күні «100 ән» жобасының 1-кезеңде «Патриотық әндер» тақырыбында 5-8 сыныптар арасында әндер байқауы өткізілді. Мақсаты: Шәкірттерді тәрбиелеудегі жеке жолдарын табу және жетілдіру. Байқау барысында төмендегідей алты ереже бойынша (1-5 ұпай) бағаланды.
Байқаудың ережелері: Сыныптың ұйымшылдығы, әннің шығу тарихының мазмұны, әннің тақырыпқа сай болуы, сахна мәдениетін сақталуы, киім үлгісіне назар аударуы, орындау шеберлігі, шығармашылығы қаралды. Байқауға 5 сынып оқушылар тобы «Елбасы ел бағы», 6 сыныптан Қажимуратова Асем «Туған жер», 7 сынып оқушылар тобы «Жаса Қазақстан!», 8 сынып оқушылары «Атамекен» әндерін орындады.
Әділқазы алқасының мүшелері: Мектеп директоры Мейрамова Г.Ж, қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Садуакасова Г.С, математика пәнінің мұғалімі Рахметова А.Қ .
Қорытынды бағалар бойынша 5 сыныпта -26 ұпай, 6 сыныпа -22,3 ұпай, 7 сыныпта -17,6 ұпай, 8-сыныпта 22 ұпай болды. Бұл «100 ән» жобасы оқу жылының соңына дейін жалғасын табады.