«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазіргі мектептердегі білім беру мәселелері

14.12.2017

Ұлттық басекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білім деңгейімен айқындалады.

Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейде көтеруді талап ететіні сөзсіз.

Бұл үшін бейімді оқытуды көздеп отыр.

Қазақстанның дамыған мемлекеттермен терезесі тең болуы үшін, ең бастысы,білімге көңіл аударуымыз қажет.

Бүгінгі күні білім саласында алдымызда тұрған мақсат-ұлттық иновациялық орта құру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған ел алға баспайды» деген болатын. Сондықтан елдің дамуы –біздер тәрбиелеп отырған шәкірттердің қолында.Егер, біз оларға ықыласпен тәрбие беріп, бастауыш сыныптардан бастап ғылымға деген талпынысын арттырсақ , сонда олардың инновациялық технологияға деген қызығушылығы басым болады

Инновация сөзі латын сөзінен аударғанда жаңалықты ендіру деген ұғымды білдіреді . Ал инновациялық оқыту дегеніміз –жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу.

Қазіргі кейбір жаңалық жүйесі ескінің айналып келуі немесе өзгеріске еніп қайталануынан туған маселелер.. [1]

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекшелік - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Қазіргі таңдағы жаңа формация мұғалімі-рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Ең бірінші мұғалімнің «өзіндік жаңалығы» болуы қажет.

Қазіргі педагогикалық қызмет – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді [2]

Мектептеріміздің бүгінгі жайы мен ертеңі, оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде бізге, яғни, мұғалімге, ата-анаға және қоғам қауымдастығына жүргізілген жұмыстарға, ізденісіне байланысты. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлыгын ояту.

Мұғалім сабақта әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.

Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім:

- педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

- педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

- жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

- оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

- білімді, іскер, шебер болу керек.

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз қажет.

Қазіргі оқушы:

- дүниетаным қабілеті жоғары;

- дарынды, өнерпаз;

- іздемпаз, талапты;

- өз алдына мақсат қоя білуі керек [ 3]

Оқушылардың оқуға ,білімге деген ынтасын ояту үшін мұғалім өзінің оқытатын пәнін терең білуі ,өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы ,жаңа педтехнологияларды меңгеріп,оқытуда жүзеге асыруы керек. Мен де оз сабақтарымда жаңа әдіс –тәсілдерді қолданып, қайткенде де сабағымда оқушылардың қызығушылықтарын оятып, таным белсенділіктерін арттыруға тырысамын. « Қызықтырар ұстаз болса, қызықпайтын шәкірт болмас» деген ұстаныммен жұмыс істеймін.

Қорыта келгенде, Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана.

Біздің еліміздің негізгі тірегі – зияткерлік ұлт мүмкіндігі. Сондықтан да біздің балаларымыздың сапалы білім алуы маңызды. Оқушылардың мектепте алған білімін қоғамдық — әлеуметтік ортада пайдалануға икемдеу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс.

Мұндай жаңа міндеттерді мұғалімнің кәсіби санасының өзгеруінсіз, кәсіби құзіреттілігінің өсуінсіз ескі психологиямен, ескі әдістермен, ескі біліктілік арттыру жүйесімен шешу мүмкін емес. Олай болса қоғам – жаңалыққа жаны құмар, жаңаша ойлайтын, өзгермелі өмірге икемделіп қана қоймай, оны жағымды жаққа өзгертуге белсенді қатысатын жеке тұлғалар көп болуы қажет деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Бастауыш сынып». Дамыта оқыту технологиясы –бастауыш мектепте.№4. 2013 ж

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.Алматы 2010 ж. 6-б

3. Құдайбергенова К. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критериі «Білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008 ж, 30- 32-б

Просмотров: 291


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст