«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тамырын терең жайған алтын ұям - мектебім

13.12.2017

Ғ. Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі үшін аяқталып жатқан 2017 жыл мектептің 40 жылдық мерейтойымен ерекше есте қалмақ. Ұжымның арасындағы сыйластық, татулық пен даналықтың арқасында дүбірлеп өткен мереке шын мәнінде керемет өтті десек, артық болмас. Себебі қаңтар айынан бастап, жыл бойы көптеген іс-шаралар аса жоғары жауапкершілікпен өткізіліп, әр оқушы мен қызметкердің жүрегінде ұмытылмас із қалдырды.

Мектеп... Алты әріптен құрылған сөздің ішінде қаншама мән-мағына, естен шықпас керемет сабақтар, сыныптастардың арасындағы қалжындар, қаншама тарих жатыр десеңізші.

Мінекей, Ғ. Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде оқыған шәкірттер мен қызмет еткен ұлағатты ұстаздары, осы мектептің қабырғасында өткен қызықты күндерін еске алып, білім ордасында бір-бірімен асыға қауышты.

Абай атамыз «Ұстазсыз шәкірт - тұл, шәкіртсіз ұстаз - тұл» деп айтқандай, туған мектептеріне шексіз алғысын білдіре отырып, 1978 жылдың алғаш түлектері, 1998, 2007 жылы аяқтаған шәкірттер арнайы сыйлықтарын табыс етті. Ал жас білім алушылардың ғалым әлеміне жолдары ақ болсын деген ниетпен мектептің түлегі - Дүйсенбаев Данияр өз отбасы атынан арнайы сыйлық сыйлады. Сонымен қоса, шәкірттердің мерейлі жылдары қарсаңында 1995,1996,1997 жылдардың түлектері мектептің қамын ойлап, өз үлестерін қосуда. Сонау Германия елінен келген Шевченко Татьяна да құрбыларымен сырласып, туған жеріне деген ыстық лебізін білдірді. Аса жанымызды тебіреткен жағдай, ол Астана қаласының тұрғындары ерлі-зайыпты Жумагулов Данияр мен Маралдың мерейтойға тарту еткен сыйы – Қазақстанның физикалық картасы. Әрине бұл зиялы қадам білім мен ғылым жанашары ретінде егеменді еліміздің жастары ертеңіне айқын қарайтын, адамгершілігі мол екендігінің дәлелі.

«Дара жол» сынып сағаттарында балалық шақтарын еске түсіріп, қызығы мен қиындығы қатар келетін «Өмір» атты кітаптың парақтарын ақтара отырып, құлаққа жағымды қалжындар мен бақилық болған адамдарды да еске алып, көңілдері жай тапты. Содан кейін түлектердің мектеп кезіндегі мен қазіргі уақытта жеткен ерен еңбектері үшін келесі номинациялар берілді:

«Өнегелі отбасы» - Кикбаев Жәнібек пен Кикбаева Ғалия

«Іскер» - Козкин Қайырбай

«Спортшы» - Омаров Жаслан

«Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» - Асқарқызы Лиза

«Көшбасшы» - Гамидов Руслан

«Айбын» - Сергазин Аскар

«Өнерлі» - Есенгулов Болат

«Шабыт» - Тоқсанбаева Күнім

«Эрудит» - Жакен Күнімжан

«Самғау» - Нурбекова Балгүл

Мерейтойдың сыйлы қонақтарының бірі, әрине, ол жылдар бойы маңдай терлерін төгіп, мемлекетіміздің жас ұрпағын саналы азамат пен азаматша тәрбиелейміз деп еңбектенген ұлағатты ұстаздарымыз – Рахимова Бикен Рахимовна, Рахимжанова Марьям Хамитовна, Ракаева Бахыт Жашибековна, Байгулунова Баян Нурсагитовна, Рахимжанов Мухтар Абитович, Бакирова Айгуль Балтабековна, Ильясова Гульсайрам Кабибуловна, Искаков Нурлан Мендибаевич, Рахимбеков Канат Кикенович.

Мектептің алғашқы оқу ісінің меңгерушісі - Рахимова Бикен Рахимовна өзінің «Ғұмыр естеліктері» атты кітабын сыйға тарту етті. Бұл - мектеп үшін баға жетпес мұра, асыл қазына.

Ұжым үшін аса маңызды күнде мектепке есімі берілген Ғұбайдолла атамыздың балалары – Гүлбаршын, Қайыргелді, Сара, келіні – Жанар қуанышымызға ортақ болып, ақ ниеттерін білдірді. Сондай-ақ, Жақсы ауданы бойынша Нұр Отан ХДП ІІ төрайымы - Мугалова Камиля Бекмурзиновна, Жақсы ауданы бойынша әкімнің орынбасары - Сейдахметова Ляззат Шаншерхановна, аудандық білім беру бөлімінің басшысы - Саутова Ақжарқын Султановна келіп, Мейрамова Гүлсім Жумагалиевна басқарған Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі өзінің толағай жетістіктерімен аудан тарихында орны ерекше екенін айтып өтті.

Мектеп ұжымы

Ашылу салтанаты

Мектептің алғашқы түлектері

Просмотров: 389


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст