«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шебер қолдар

12.12.2017

Тақырыбы: «Шебер қолдар»

Сайыстың мақсаты:

Жас ұрпақты белсенділікке, технологиялық сауаттылығын

қалыптастыруға, жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу. Шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта

Сабақтың әдісі: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, жетілдіру, белсенділіктерін арттыру.

Сабағымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1. Турлыбекова Т. К – технология пәнінің мұғалімі

2. Тулегенова К. К - оқу ісінің меңгерушісі

Сабақтың кезеңдері 4 бөлімнен тұрады.

1 кезең. Қолда бар бұйымдардан рамка жасау. (Жасаған жұмыстарын таныстыру, әр топтың жұмыстары ең жоғарғы ұпай 5 ұпаймен бағаланады)

2 кезең. Өрім өру технологиясы бойынша өрім өру. (Жасаған жұмыстарын таныстыру, әр топтың жұмыстары ең жоғарғы ұпай 5 ұпаймен бағаланады)

3 кезең. Қағаздан жасалған еркін тақырыптағы бұйымдар. (Жасаған жұмыстарын таныстыру, әр топтың жұмыстары ең жоғарғы ұпай 5 ұпаймен бағаланады)

4 кезең. Білімді өрге жүзер. Әр топқа білімдерін тексеру мақсатында 10 сұрақ қойылады. (әр дұрыс сұрақ 2 ұпаймен бағаланады)

І топ оқушыларына сұрақ

1)    Ағаш өнерімен айналысатын шебер? (ұста)

2)    Ағашты қай бөлігін шыңдайды ?(жоғары)

3)    Жер қыртысының ең үстіңгі қабаты? (топырақ)

4)    Кереге мен шаңырақты бір – бірімен ұштастырып тұратын киіз үй бөлшегі? (уық)

5)    Ағаш тесу үшін пайдаланатын құрал? (бұрғы)

6)    Өсімдік қай шаруашылықта өсіріледі? (ауыл шаруашылығы)

7)    Өсіп тұрған ағаш неше  бөліктен тұрады? (Үш бөліктен)

8)     Қазақтың ұлтық өнері  қамшы жасау қай шеберлікке жатады? (Өрімшілдік)

9)     Тұқым себетін машинаны ата? (Сеялка)

10)     Шеңбер сызуға арналған құрал? (Цыркуль)

ІІ топ оқушыларына сұрақ

1)    Ағашқа белгі салу кезінде не пайдаланған дұрыс? (қарындаш)

2)    Ағашты көркемдеп оятын құрал? (әр түрлі жүзді қашау)

3)     Ағаштың бетін тегістеуге арналған құрал (сүргі)

4)    Киіз үй неше бөліктен тұрады? (шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық)

5)    Домбырада неше тиік болады? (біреу )

6)    Киіз үй қабырғасы?  (кереге)

7)   Электр тоғын өткізбейтін заттар ? (резенке, шыны т.б.)

8.     Қазақтың  ұлттық өрімшілдік өнермен жасалатын бұйым? (қамшы)

9.     Ағаш қандай материал? (тығыз)

10.  Қара метал  (шойын, болат)

Сайысымыздың бірінші бөлімі.

1. Қолда бар бұйымдардан рамка жасау.

Осы сайыстың қорытындысы.

Сайысымыздың екінші бөлімі.

2. Өрім өру технологиясы бойынша өрім өру.

Осы сайыстың қорытындысы.

Сайысымыздың үшінші бөлімі.

3. Қағаздан жасалған еркін тақырыптағы бұйымдар

Осы сайыстың қорытындысы.

4. «Тапқырлар» сайысы

Әділ-қазылар алқасы қорытындысын айтуға әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасына сөз берейік.

Сайыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүретінін білеміз. Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

«Кез келген жұмысқа жауапкершілікпен қарап, еңбектің арқасында барлық нәтижеге қол жеткізуге болады»- деп сайысымызды аяқтағым келеді.

Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Просмотров: 672


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст