«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру

08.12.2017

Қазір елімізде рухани жаңғыру мәселесіне ерекше мән беріліп жатқаны белгілі. Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланғалы бері ел мен жер үшін, туған тіл мен салт-дәстүр, өзге де маңызды құндылықтар үшін жасалып жатқан игілікті шаралар аз емес. Соның бірі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектептегі кірісі төмен және жетім, қамқорлыққа алынған оқушыларға арналған екі күндік экскурсия ұйымдастырылды. Біздің мектебімізден 12 оқушы осы экскурсияға барады. Ал аудан бойынша 350 оқушы осы саяхатпен қамтамасыз етіледі. Оқушылар бұл экскурсиялық саяхатта Көкшетау қаласындағы мұражайларға, кино-театрға, спорт кешендеріне, мұз айдынына саяхат жасайды. Абылай хан жиын өткізген киелі мекенді аралайды. Сонымен бірге тауға шығып, Жұмбақ тас, Жеке Батыр, Айна көлді тамашалап қайтады. Бұл саяхат біздің оқушыларымыздың отанын, жерін сүюге, оның киелі жерлерін қастерлеуге, құрметтеуге үндейді деп сенеміз. Елбасының рухани жаңғыру мәселесіне көп көңіл бөлініп, осындай іс-шаралар келешекте де болатынына, Отанымыздың жарқын болашағы жастар үшін жасалып жатқан игі істердің молаюына сеніммен қараймыз.

Болашақ жастардікі. Жастарымыз өн бойына осы құндылықтарды сақтап, ардақтап жүретініне сенеміз.

Просмотров: 395


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст