«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық оқу-әдістемелік секциялық жұмысына қатысу туралы

06.12.2017

Көкшетау қаласында қараша айының 27-28 күндері облыстық оқу - әдістемелік кабинеті Жаңартылған білім мазмұны бойынша әзірленген 3, 6, 8-сыныптардың оқушыларына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді талқылау бойынша секциялық жұмыс өткізілді.

Секция жұмысы жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған физика оқулығының Алматы: «Атамұра» баспасының авторы Р. Р. Башарұлы, Алматы «Мектеп» баспасының авторы Б. Кронгарт, орыс тілінде 8-сыныбына арналған физика оқулығының «Арман -ПВ» баспасының авторы

Н. А. Закирова осы үш автормен кездесу болып, оқулықтар талданды.

1. Алматы: «Атамұра» баспасы:

1.Бұл оқулық бағдарламаға сай, бірақ тақырыптардың көлемі өте үлкен. 2.Жаңартылған бағдарламаға сай келетін тапсырмалар өте аз. 3.Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға арналған тапсырмалар жоқ.

Алматы: «Атамұра» баспасына ұсыныстар:

1. Тақырып мазмұнының көлемін ықшамдау;

2.Жаңартылған бағдарламаға сай тапсырмалар, эксперименттік жұмыстар көп болса;

3.Әр тарау бойынша жауапты тест тапсырмаларыды енгізсе;

4. Әр тараудан кейін үш тілде терминдерді кесте түрінде келтірілсе;

5.Үй жұмысын тапсырмалары мен сыныпта орындалатын тапсырмалар аз көлемде жеке, бөлек берілсе.

2. Алматы «Мектеп» баспасы:

Бұл оқулықтың оқушыларға тиімділігі:

1. Тақырып мазмұны толық ашылған;

2. Әр тақырыптан кейін оқушылар үшін қызықты эксперименттік тапсырмалар, қызықты мәліметтер, салыстырмалы кестелер оқушылардың функционалды сауаттылықтарын дамыту үшін тиімді;

3. Пән аралық байланысы қамтылған.(оқушылардың жан-жақты ойлауларына негізделген) ;

4. Тақырыптағы суреттер үйлесімді.

«Мектеп » баспасына ұсыныс:

1. Тақырып мазмұнының көлемін азайту, ықшамдау;

2. Әр тараудан кейін үш тілде терминдерді кесте түрінде келтірілсе;

3. Әр тарау бойынша бірнеше жауапты тест тапсырмаларды енгізсе; (себебі, мемлекеттік емтихандарда, ҰБТ тапсырмалары солай беріледі)

4.Тапсырмаларды, тестерді, зертханалық жұмыстарды, вертуалды жұмыстарды электронды түрде (дискіде) кітап соңында берілсе;

4. Оқушыларға арналған жұмыс дәптері берілсе;

5. Үй жұмысын тапсырмалары мен сыныпта орындалатын тапсырмалар аз көлем жеке, бөлек берілсе.

3. «Арман -ПВ» баспасы:

Бұл оқулықтың оқушыларға тиімділігі:

1.Тақырыптарды мазмұндауда оқытудың ғылыми ұстанымдары мен оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген.

2. Шартты белгілер оқулықтың үшінші бетінде көрсетілген.

4. Берілген тақырыпта күтілетін нәтиже жазылған.

5. Әр тақырыптың соңында сынып жаттығулары мен үй жаттығулары бөлек жазылған.

6. Бақылау сұрақтары, жаттығулар, тапсырмалар, есеп шығару үлгілері, шығармашылық тапсырмалар, эксперименттік тапсырмалар бар.

7.Тарау бойынша қорытынды жасалған, онда: формулалар, ережелер, глоссарийлер, екі нұсқадан тұратын бақылау тесті берілген.

8. Қосымшада күнделікті сабақта қолданатын кестелер, белгілеулер, жаттығудың жауаптары, үй жұмыстарына арналған жаттығулардың жауаптары, электрондық қорлар жазылған.

«Арман -ПВ» баспасы ұсыныстар:

1. Тақырытар бойынша үш тілде терминдер жазылса;

2. Оқушыларға арналған жұмыс дәптерлері берілсе .

Просмотров: 452


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст