Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы
«Қазіргі заман – өзіне сенетін арманы мен осы арманды іске асыруға ерік - жігері бар дарынды, қажырлы адамдардың уақыты»- деген Елбасымыздың данышпан сөзі ойыма оралып отыр. Елімнің болашағы айқын: өркениеті дамыған елдермен терезесі тең өмір сүру. Ал уақыт талап етіп келе жатқан дарындылық пен қажырлылық тек білім мен еңбек арқылы іске аспақ. Кез келген қазақстандықтың осы орайда өз елінің тарихы мен мемлекет тынысын біліп, зерделеп отыруы шарт деп білемін. Ендеше тамаша зерттеуші ғалым Шоқан Уәлихановтың өз кезінде «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деуі біз үшін аса кемеңгерліктің белгісіндей. Ұлт тарихын меңгере отырып, сан ғасырлар бойғы ел үшін, жер үшін жанын пида еткен ата - бабаларымыздың қанымен келген бүгінгі бейбіт заманымыздың төл перзенті екенімді әр кез мақтан тұтып, аса қадірлеймін. Мемлекетімізде тыныштықтың орнап, еліміздің жаһандану кезеңінде алға бағыт алуын, өркениетке бет түзеу секілді қадамдардың жасалуы – бәрі - бәрі басшы іскерлігі деп танимын. Басшының дүйім бір елді шебер басқаруына оның елге деген махаббаты халқының қолдауы үшін өте қажет - ақ. Шеберлігінің кілті – отансүйгіштік рухының мықтылығында болар. Ал туған Қазақстанымыздың басшысы – тұңғыш президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақ тарихы әріден басталады. Ал тәуелсіз Қазақстанның тарихи шежіресі, әрине, 1991 жылдан басталмақ.
1991 жыл – еліміздің 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының негізімен орнаған ұлттық - тарихи мәні жоғары тәуелсіздікке қол жеткізген жылы. Осы жылы дүниеге келген «Қазақстан» атты жас мемлекетті басқару ісі Н. Ә. Назарбаевқа жүктелген болатын. Шығыс ойшылы Фирдоусидің: «Алдыңда не күтіп тұр, соны ойла. Игі мақсатқа тура жүрген жетеді»,- деген даналық сөзін ұстанған басшы ел билеу тізгінін қолына алды. Әрбір қазақстандық азамат өз еліне басшы етіп сайлаған көсемінің өмір жолының қарапайымдылығын, я төре, я бай, я үстем тап өкілі емес, халық арасынан шыққан білімді де саналы тұлға екенін білуі керек.