«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мен және ұстазым!» атты эстафеталық жарыс

22.11.2017

Тақырыбы:  «Мен және ұстазым!» атты эстафеталық жарыс

Жарыстың мақсаты: Ұстаз және оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын сақтау.

Жарыстың шарттары: Жарысқа жас мұғалім және 4 «А-Ә» сыныптарының оқушыларынан 1 ұл, 1 қыз алып, топ құрып, команда жасау. Әр топта бірдей форма болуы керек, сонымен қатар топтың аты, ұраны болу шарт.

Құрметті жиналған қауым, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Мен және ұстазым...» атты спорттық жарысымызға қош келдіңіздер! Жарыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақты жаман әдеттен аулақ, дененің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін 4 «а-ә» сынып оқушылар мен жас мамандар арасында спорттық жарыс өткізгелі отырмыз.

Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен танысайық.

Ал ендеше жарысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

Спорттық жарыс ойынының шарттары:

1. Таныстыру. Әр команда өздерін таныстырады.

2. Допты тізеге қысып секіріп жүгіру.

3. Теннис таяқшасына салып шарды тасу.

4. Есеп шығару.

5. Боулинг.

6. Отбасын бір шеңберге орналастыру

7. Әр түрлі сайыс, Бел темір, Секіртпемен секіру, Қораздар жарысы.

8. Арқан тартыс

Ал, балалар сайыс шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай ойынымызды бастаймыз.

Просмотров: 446


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст