Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру – біздің парызымыз
11 қараша күні Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде сынып жетекшілер арасында елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы жөнінде талқылау жұмыстар жүргізілді. Нақтырақ айтқанда, «Тәрбие және білім» бағдарламасының мақсатымен, кезеңдерімен, бағыттарымен таныстырылды. Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған.
Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.
Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.
Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.
Жалпы, «Туған жер» бағдарламасының кіші бағдарламасының біріншісі «Тәрбие және Білім». Кіші бағдарлама бойынша 3 базалық жоба: «Өлкетану», «Отаным тағдырым» және «Саналы азамат».
«Өлкетану» базалық жобасы бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.
"Отаным – тағдырым" базалық жоба жастардың бойында азаматтықты, патриоттықты дамытуға, рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыруға, кәсіби маңызды қасиеттерді және дағдыларды, жұртшылықтың өмір, қоғам, әртүрлі салаларында белсенді ат салысуға көмектесу. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектептерде туған жердің тарихын танытудан басталады. Қоғамның басты рөлін тәрбиенің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, тәрбие мен оқыту және білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде түсінуге көмектеседі.Сол себептен, Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде «100 ән» жобасын жүзеге асырмақ.
"Саналы Азамат" базалық жоба оқушылардың еңбек нарығында кәсіби бағытталған, өзін-өзі анықтау жағдайында, қызмет аясын таңдау еркіндігінде, олардың мүмкіндіктері, қабілеттері мен талаптарын ескере отырып, білім беру барысында оқушыларға болашақ мамандық таңдау үшін жағдай жасау, кәсіптер мен мамандықтар бойынша ақпараттандыру қажеттілігі туралы және кәсіби білім алу міндеттерін қамтиды. Осыған орай, «Ата-ана жұмысындағы 3күн» жобасы да балалардың мамандық таңдауда өз септігін тигізеді деп ойлаймыз.
Елбасының алға қойған мақсатын жүзеге асыратын біздерміз. Сондықтан бастаған істеріміз сәтті болып, «Елім», «Жерім», «Отаным» деп соққан кішкентай жүректерде үлкен сезім ұялатайық, ағайын!