«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас шеберлер

20.11.2017

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігінде аясында өткізілген «Жас шеберлер» сайысының бағдарламасы

Сайыстың тақырыбы: «Жас шеберлер»

Сайысының бағдарламасы:

Сайыстың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білімін, жан-жақты ойлау қабілеттері мен ой ұшқырлығын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды кәсіби біліктілікке, өз бетімен еңбектенуге, алғырлыққа, тапқырлыққа және жан-жақты дамыған азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Безендірілген зал, көрнекіліктер, сайысқа арналған қажетті материалдар мен құрал-саймандар.

Сайыстың кезендері:

І кезең «Сәлемдесу, өзін таныстыру»

ІІ кезең «Бәйге» сайысы

ІІІ кезкең «Өз өнерін көрсету» сайысы

IV кезең «Кім жылдам» шеберлік сайысы

V кезең « Ас-адамның арқауы» сайысы

VI кезең «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» сайысы

-Уа халайық, халайық!

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде

Шеберлердің елінде

Шеберлердің тілінде

Көңілді кеш жасайық.

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық.

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және бүгінгі кешке қатысушы сайыскерлер!

Бүгін «Технология» әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жас шеберлер» сайысын өткізгелі отырмыз. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, бүгінгі білім, шеберлік және өнер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

Шақырамыз келіңдер жарысуға,

Білімменен шеберлікпен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Қанеки, кім шығады сайысуға -деп ортамызға сайыскерлерді шақырамыз.

1. 6 сынып оқушысы – Ибрашева Жасмина

2. 7 сынып оқушысы – Дауренбекова Сандуғаш

3. 8 сынып оқушысы – Куанышпаева Айнагул

4. 9 «А» сынып оқушысы - Хамит Аяулым

5. 9 «Ә» сынып оқушысы – Шахманова Диана

6. 10 сынып оқушысы – Серикпаева Сымбат

Жол сілтеген биікке ұстаздарым

Ішімізден шығар әлі талай дарын.

Әділдікті ең алға мақсат еткен,

Таныстырайын әділқазы алқаларын, - демекші сайыскерлердің өнерлерін, білімдеріне және шеберліктеріне баға беруші әділқазылар мүшелерін таныстырып өтейін.

Мүшелері: Омарова А. Б., Жуманова С.У.

Сайысқа қатысушылар өздерінің реттік нөмірлерін таңдап алады.

Сайысқа қатысушылар сайыс шарттарымен танысады.

І кезең «Сәлемдесу,өзін таныстыру»5минут

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін

Бір басына өнері жетсе деймін,

Бәске түске сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін, - деп сөз кезегін сайыскерлерге береміз.

Сайыскерлер реттік нөмірі бойынша өздерін таныстырып шығады.

«Таныстыру» бөлімі 1-5 ұпай жүйесімен бағаланады.

ІІ кезең «Бәйге» сайысы 10минут

«Бәйге» 6 сыныбы

1. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)

2. Бидайдан әзірленген ұнтақ (манка)

3. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)

4. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)

5. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)

6. Ежелден келе жатқан кәсіп (қолөнер)

7. Ұсақ моншақ қай елде алғаш пайда болған? (Египет)

«Бәйге» 7 сыныбы

1. Картоптан жасалған ботқа (пюре)

2. Моншақпен тоқуда керекті құрал заттың бірі (сым)

3. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)

4. Бағалы металл (алтын)

5. Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын машина, тігін машинасы)

6. Мойынға тағатын әшекей (алқа)

7. Су моншақты ең көп шығаратын ел (Жапония)

«Бәйге» 8 сынып

1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)

2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)

3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)

4. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4), (жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).

5. Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді? (жасанды, синтетикалық)

6. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)

7. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн? (жіңішке ине, кесте жіп)

 «Бәйге» 9 сыныбы

1. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)

2. Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? (3 сағ)

3. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)

4. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)

5. Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)

6. Тігін машинасының әкесі кім? (Элиос Хоу)

7. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)

8. Шым кесте тігу үшін қандай маталар түрі пайдаланылады? (мақта мата, сиса, кенеп, жібек)

9. Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)

10. Шыт, атлас, жібек (мата)

11. Қолдан тоқылған суретті-кілем (гобелен)

«Бәйге» 9 сынып

1. Құрақтың қандай түрлерін білесің? (жұлдыз, ботагөз, тырна қатар, шаршы, шахмат)

2. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)

3. Түксіз кілем (алаша)

4. Түрлі тігіс тігетін бұйым (машина)

5. Уақытша тігістің түрі (көктеу)

6. Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру)

7. Шым кесте тігу үшін қандай маталар түрі пайдаланылады? (мақта мата, сиса, кенеп, жібек)

«Бәйге» 10 сынып

1. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)

2. Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? (3 сағ)

3. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)

4. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)

5. Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)

6. Тігін машинасының әкесі кім? (Элиос Хоу)

7. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)

  «Жарнама» бөлімі де 1-5 ұпай жүйесімен бағаланады.

ІІІ кезең «Өз өнерін көрсету» сайысы

· Бұл бөлімде сайыскерлер өз қолынан келетін өнерлерін көрсете алады.

· (Ән, қолөнер, би және т.б)

· Сайыстың бұл бөлімі де 1-5 ұпаймен бағаланады.

ІV кезең «Кім жылдам» (шеберлік сайысы 10 мин)

Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.

а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою) 2мин

ә) картоп ашу 2мин

б) Инені сабақтап түйіндеу 2мин

в) түйме қадау 2мин

г) 2 мин ішінде инеге бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).

Бұл кезенде әр сайыскер өздерінің шеберліктерімен қоса шапшаңдықтарын көрсетеді (уақыт және сапа ескеріледі). (Сайыскерлерге қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау ескертіледі).

Сайыстың бұл бөлімі де 1-5 ұпаймен бағаланады.

V кезең «Ас адамның арқауы»

Ендеше іске сәт сайыскерлер!

Ас көңілдің ажары деген ырым

Жақсы ғой тағамның да білген сырын,

Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер

Дайындаған жаңашыл салат түрін.

 Өнер-білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Әр топ салат жасайды.     (уақыты 5 минут)

Сайыстың бұл бөлімі де 1-5 ұпаймен бағаланады.

VII кезең «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» — қолөнер бұйымдарын көрсету қорғау (2 мин).

«Марапаттау» (Қорытынды)

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Мінеки, біздің бүгінгі өнер, білім және шеберлік сайысымызда өз мәресіне жетті. Енді осы кештің көркін келтірген сайыскерлерді ортаға шақырамыз. Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпазды анықтауға әділқазылар алқасына сөз береміз. Жеңімпаз анықталып, білімімен, өнерімен, шеберлігімен көзге түскен сайыскерлер марапаттау оңкүндіктің жабылуында табыс етіледі.

Бүгінгі «Жас шеберлер» сайысына қатысқан жастарды барлық көпшілік қауым атынан, мектеп атынан шын жүректен құттықтай отырып, биіктен көріне берулеріне тілек білдіреміз! Келесі кездескенше аман-сау болып тұрыңыздар!

Просмотров: 452


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст